Қағба туралы қызықты 10 дерек

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
43322


Әлемдегі ең танымал әрі ең қасиетті жерлердің бірі және бірегейі Қағба екені дау туғыза қоймас. Күніне бес уақыт жер бетіндегі миллиардтаған мұсылмандар жүзін Қағбаға бұрып, Аллаға деген құлшылығын жасайды. Жыл сайын миллиондаған қажылар қасиетті Қағбаны сан мәрте айналып, тәу етеді. Қағба Жердің кіндігі, ғарышқа шығатын «есік» деген наным-сенім де бар. Оның барлығы бір Аллаға аян! Ал біз сіздердің назарларыңызға осы Қағба туралы қызықты деректерді ұсынамыз. 




1. Қағба алғашында текше емес, басқа пішінде болған. 




Бүгінгі таңда бәріміз көріп жүрген Қағба Ибрахим (а.с.) мен Ысмайыл (а.с.) пайғамбарлар салған ғимаратқа мүлдем ұқсамайды. Алғаш салынғанда Қағбаның бір қабырғасы доғалдау болған. Кейін құрайыштар Қағбаны жөндеу жұмыстарына қаржы жетпегендіктен, доғал қабырғаны жай балшықпен салып, негізгі пішінін өзгеріске ұшыратқан. Уақыт өте келе табиғи және техникалық апаттарға байланысты ол қайта жөндеуден өткізіліп тұрды. Пайғамбарымыз Мұхамедтің заманында оған пайғамбарлық міндеті келмей тұрып Қағбаның күрделі жөндеуден өткені бәрімізге белгілі. Сол кезден бастап күрделі жөндеу жұмыстары бірнеше жүз жылда бір рет өткізілетін болды. Соңғы құрылыс 1996 жылы өткізіліп, үлкен жұмыстар атқарылды: тастары, шатыры ауыстырылып, іргетасы бекітілді.

Кейбір деректерге сүйенсек, Пайғамбарымыз өмірінің соңына қарай Қағбаны бастапқы пішініне өзгерткісі келген, алайда арманына орындалмай, өмірден озып кеткен. 


2. Қасиетті Қара Тастың қолды болу тарихы




Қағбаның қасындағы Қасиетті Қара Тасты барлығымыз жақсы білеміз. Қажылыққа барғандар сол тасты бір сүйіп қалуды, маңдайын бір тигізіп өтуді армандайды. Алайда оның неге күмістелген қалыпқа салынғаны туралы көбіміз біле бермейміз. Оның себебі, орта ғасырларда тас қатты зақымдалған болып шықты. 

Тарихына келер болсақ, Меккені Абдулла ибн Зүбәйр басқарған тұста бұл тас бірнеше бөліктерге сынған екен. Кейбір деректерде карматтар сектасы Меккеге шабуыл жасаған. Олар қажылықты дінге қайшылық деп үкім шығарып, он мыңдаған қажыларды өлтіріп, денелерін Зәм-зәм құдығына лақтырып кетеді. 

Бірақ олар мұндай жауыздықпен тоқтап қалмай, Қара тасты орнынан жұлып алып, басқа жаққа алып кеткен. Артынша Аббасид халиф үлкен құн төлеп, 22 жылдан кейін сектанттар тасты қайта алып келген. Алайда көпті көрген қара тас әбден зақымдалған болып шығады. Оны жинау үшін тек жиектеме салу керек болыпты. Тарихшылардың сөзінше, Қара тастың шашылған бөліктері әлі толық жинастырылмаған.

Көптеген адамдар мұсылмандарыды осы қара тасқа немесе Қағбаға сыйынады деген қате пікірде. Анығында Қара тас Қағбаны қай жерден бастап айналу керек екендігін белгілеп тұрған деталь ғана. Сол іспетті Қағба да бар болғаны мұсылманның намаз оқыған кезінде құбыланы тануы үшін қызмет етеді. 


3. Негізінде екі Қағба бар


Қағбаның дәл  төбесінде, аспанда оның көшірмесі бар. Ол туралы Құранда және Пайғамбарымыздың хадистерінде айтылған болатын. Алла елшісі Миғраж сапарын баяндаған кезде былай деген: « ... Одан кейін маған әл-Бәйт уль-Маъмур (Алланың Үйі) көрсетілді. Мен Жәбірейілден «Бұл не?», - деп сұрағанымда, ол: «Бұл  әл-Бәйт уль-Маъмур. Күніне жетпіс мың періште бұл жерде құлшылық жасайды, олар бір қайтқанда екінші қайта келмейді. Олардың орнына басқа періштелер келеді, солай күнде жалғаса береді», - деген. 


4. Қағбаның ішінде не бар?


Көп адамдар Қағбаның ішін көргісі келеді. Ал оның ішінде болған адамдардың сипаттамаларының рас-өтірігі белгісіз. Қазіргі таңда Қағба іш жағынан мәрмәрмен, жоғарғы қабырғалары жасыл шұғамен қапталған. Тақтайшаларда барлық ел билеген басшылар мен оның қайта тұрғызылуына ат салысқан тұлғалардың есімдері жазылған.

Тек бір адам ғана Қағбаның ішіне кірген кезде оны телефонының камерасына түсіріп алып, интернет желісіне салған. Онда Қағбаның қабырғалары мен едені ақ мәрмәрдан жасалғанын көруге болады. 




5. Кейбір жылдары қажылар Қағбаның айналасында жүзіп жүріп құлшылықтарын атқарған




Қағба Мекке қаласы орналасқан жазықтың ең төмен нүктесінде орналасқандықтан, нөсер жағбыр кезінде жиі су астында қалатын болған. Тіпті, бірнеше күн бойы қара тасты жартылай су басып тұрған кездер болыпты. Алайда, бұл қажылық етушілерді еш тоқтатпаған екен. Олар тастың айналасында жүзіп жүріпті.

Қазіргі кезде заманауи кәріз жүйелері салынған, сондықтан жаңбыр суы толық бақылауға алынып, Қағбаны су алу қаупі жойылған деуге толық негіз бар. 


6. Қағба есігі барлық адамдарға ашық еді


Осы уақытқа дейін қалаған адамдар аптасына екі рет Қағбаның ішіне кіріп, намаз оқуларына болатын еді. Алайда, қажылыққа барушылар санының өсуіне және басқа да факторларға байланысты, оның есігі жылына екі рет жоғары лауазымды тұлғалар мен ерекше қонақтар үшін ғана ашылады. 


7. Оның кілті тек бір ғана әулеттің иелігінде




Мекке алынғаннан кейін Алла елшісі кілтті өзіне алып қалудың орнына Бани Шаиба әулетінен шыққан Осман ибн Талхаға ұсынады. Бұл әулет көптеген жылдар бойы Қағбаның қорғаушысы болып келеді. Қазіргі күнге дейін, халифтар, сұлтандар мен патшалар сияқты жоғары лауазымды тұлғалар Қағбаға кіру үшін бұл кішкентай меккелік жанұядан рұқсат сұрайды.


8. Қағба түрлі түсті болған


Алтын өрнектермен әшекейленген қара түсті Қағбаға көзіміз әбден үйренген. Алайда, оны қара түспен жабу дәстүрі тек Аббасидтер кезінде келіпті. Оған дейін Қағба әртүрлі, соның ішінде жасыл, қызыл және ақ түсті болыпты.


9. Алғашында оның екі есігі және терезесі болатын


Алғашқы кезде Қағбаның кіруге және шығуға арналған екі есігі, сонымен қоса терезесі бар еді. Қазіргі Қағба терезесіз, тек бір ғана есігі бар.


10. Қағба бірнеше рет қайта тұрғызылған


Қағба бүгінге дейін қайта құруды қажет етіп отырған. Пайғамбарымыздың заманында ол күрделі жөндеуден өткен. Соңғы құрылыс 1996 жылы өткізіліп, үлкен жұмыстар атқарылды.



madeniportal.kz

Суреттер интернеттен алынды


Жаңалықтар

Павлодар облысының полиция департаменті белгісіз адамдардың банк қабырғасын бұзып кіргенін мәлімдеді...

Жаңалықтар

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше, ауыр салдарға алып келге...