МЫҚТЫ АДАМДАРДЫҢ 50 ӘДЕТІ

ТАНЫМ
2466

Бүгін біз сіздерге мықты адамдардың әдет-машықтарын айтатын боламыз:

1. Біреулердің салы суға кеткен жерден өз мүмкіндіктерін іздейді.

2. Біреулер сәтсіздік деп тапқан нәрседен олар сабақ алады.

3. Олар жақсылап ойланып барып шешім қабылдайды.

4. Олар "алма піс, аузыма түс!" деген қағиданы ұстанбайды.

5. Қорқынышқа жол бермейді.

6. Дұрыс сұрақ қоя біледі.

7. Олар ешқашан шағымданбайды.

8. Кінәні мойындарына бірден алады және әр істеріне әр уақытта жауап бере алады.

9. Оларда керемет талант жоқ. Есесіне дәл уақытында дұрыс шешім қабылдай алатын батылдық бар.

10. Икемді, алғыр және уақытпен жүріп үйренген.

11. Олар қастарына өздері сияқтыларды жинайды. Бұл дегеніміз, өз тағдырына өздері қожайын деген сөз.

12. Олар өмірдің ағысымен кетпейді. Қолдарынан бәрі келетіндігіне сенеді.

13. Олар өз өмірлерін қалай елестетсе, солай құрайды.

14. Олар еліктемейді, өз жолдарын салады.

15. Олар ешнәрсені ертеңге қалдырмайды.

16. Олар өмірден сабақ алады.

17. Олар - оптимистер. Содан да болар, барлық нәрседен жарқын болашақ күтеді.

18. Олар сол мезетте керек болған іс-қылықтарды жасайды.

19. Олар кез келген қиындыққа бетпе-бет барады.

20. Олар қиындықтан қашпайды, керісінше...

21. Өз тағдырларын өздері жасайды.

22. Олар тосын жайттың алдын алуға үйренген.

23. Олар эмоцияның соңынан еріп кетпейді.

24. Олар байланыс құралдарын жақсы меңгерген.

25. Олар өмірлерін бір мақсаттың желісінде қояды.

26. Олар қабылдау керек шешімді табанда қабылдайды.

27. Көп адамдар жайлылықты іздесе, олар сол қиындықтардан мінездерінің ширай түсетіндіктерін біледі.

28. Олар өмірдің шынайы бағасын біледі.

29. Олар бақыт пен ақшаны, қуаныш пен тақты шатастырмайды.

30. Олар белгілі бір үдемен жүруге тырысады.

31. Олар өздеріне сенімді.

32. Олар - мейірімді және ақкөңіл. Өзгелерге көмектесуден жай тауып жүреді.

33. Олар қарапайым болып жаратылған. Керек кезде кешірімді бірінші болып сұрайды.

34. Олар кез келген ортаға тез бейімделеді.

35. Олар физикалық денеге жақсы күтіммен қарайды, бірақ көп уақыт бөле бермейді.

36. Олар әр уақытта еңбекқор.

37. Олар жақсылықтың бағасын түсінеді.

38. Олар адамдармен ашық сөйлеседі.

39. Олар күдік,күңсік ойлары аралас адамдармен араласпайды.

40. Олар керек емес нәрсеге уақыттарын сарп еткізбейді.

41. Олар біреудің ой-пікіріне тәуелді емес.

42. Олар өз шама-шарықтарына қарай жүреді.

43. Олар өздеріне тым үлкен жоспарларды қояды.

44. Олар өз сәтсіздіктеріне ақталып жатпайды.

45. Олар демалуды біледі.

46. Олар мансап пен жеке өмірді шатастырмайды.

47. Олар қай кезде де тиімді жолды іздейді.

48. Олар кез келген істі жарты жолда тастамайды.

49. Олар - күрделі бітім-болмыстың иелері.

50. Олар шынайы өмір сүре алады.


Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...