Қазақ жерінде музыкалық, драма, қуыршақ, мюзикл, балалар театрлары жұмыс істеп жатыр. Бірақ мүмкінді...
Атағын "ойнатқан" атақты әртістер
Кейбір атақты артистер сахнада, экранда атағын "ойнатумен" әуре. Кейіпкер жоқ, Өзі жүр. Жүрегіңе жетпейді, тебіренбейсің, сенбейсің. Менің бір түсінбейтінім, сол танымалдыларды "бір туар", "данышпан", "тұлға", "жұлдыз" деп неге атайды, олар соған неге сеніп қала береді?! Бұл сөздердің мағынасына қандай міндеттер кіретінін біле ме екен екі жақ. Әй қайдам, білсе өлімнен ұят күшті болар еді-ау.
Айналайындар-ау, тұлға деп төбеге көтеріп жүргендерің не істеп жүр сонда, сол бітірген мамандығы бойынша (әдебиет) жазып жүр, (сахна, экран) ойнап жүр, ән салып жүр емес пе? Ал өз мамандығымен жұмыс істеп, нанын тауып жүрген адам неге "жұлдыз" атану керек. Негізі, бәрін өзіміз құртады екенбіз, сауатсыз журналистердің кесірінен атақтысымақтар осындай кеселді дертке тез ұрынып жүр.
Естен шықпасын, дұрыс пішілмей кигізе салған даңқыңмен ел-жұртты алдай алмайсың. Көрушінің, оқырманның, тыңдарманның сенімін ақтауға қандай атақтың да құдіреті жетпей қалады.