«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республик...
«Сыншылар жүлдесі» табысталды
Еліміз театрларында болып жатқан шығармашылық үдеріс пен оның даму жолындағы бағыт-бағдары, репертуарын жасаудағы ұстанған саясаты, көрерменнің қойылымға келуі мен қабылдауы т.б. туралы мәселелерін дер кезінде сараптамадан өткізу отандық және халықаралық театр қауымдастығы тарапынан қызығушылық тудырып келеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Осыған байланысты үстіміздегі жылдың ақпан айының 25-і күні «International Union of Тheatre Critics» – «Халықаралық театр сыншылары бірлестігі» биыл үшінші рет 2021 жылғы «Қазақстан театрлары» мониторингінің қорытындысы мен «Сыншылар жүлдесі» сыйлығының марапаттау салтанатын өткізді.
Еліміздің барлық өңірінің 50 театры қатысқан бұл мониторингтен өткен күнтізбелік жылда жасалынған (жыл премьералары, ойналған барлық қойылымдар, драматургия, гастрольдік және фестивальдік іс сапарлар, шығармашылық құрамға өткізілген шеберлік сыныптары мен семинарлар, техникалық құрамның біліктілігін арттыру, БАҚ театр туралы (газет, журнал, ТВ, радио), қойылымға театртанушы мамандар шақыру т.б.) шығармашылық пен репертуарлық саясатты қамтыған жұмыстар сарапталды.
Сараптаманы еліміздің белгілі театртанушылары – С.Қабдиева, А.Мұқан, Б.Нұрпейіс, А.Еркебай, М.Жақсылықова, З.Исламбаева, А.Ахмет, т.б. жүргізді. Сараптама нәтижесінің қортындысы бойынша отандық театрлар жұмысын дамытуға бағытталған ұсыныстар ҚР МСМ‑не арнайы қорытынды-анықтама етіп жолданды.
Театр сыншыларының алға қойған мақсаты – бүгінгі Қазақстан театрларының шығармашылығы мен тыныс-тіршілігіндегі болып жатқан заманауи үрдістер мен үдерістерді дер кезінде айқындап баға беру болып табылады.
Қорытынды нәтижесі бойынша:
Жылдың БАҚ-пен үздік жұмыс істеген театры – Алматы Мемлекеттіук қуыршақ театры;
Жылдың үздік сайты – Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры;
«Жылдың костюм суретшісі» – Гузель Мамединова, Құдыс Қожамьяров атындағы мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театрының «Мұқамдар» спектаклі үшін;
«Жыл суретшісі» – Юлия Чернова, Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының «Макбет. Иллюзия» спектаклі үшін;
«Жылдың үздік мультимедиалық сценографиясы» – Түркістан музыкалық драма театрының «Бөрте» спектаклі;
«Жыл хореографы» – Анна Цой, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық драма театрының «Шағала» спектаклі үшін;
«Спектакльге музыка жазған үздік Жыл композиторы» – Ғазизхан Шекербеков, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ драма театрының «Кездесу мен қоштасу» спектаклі үшін;
«Эпизодтық рольдегі жыл актрисасы» – Нұржамал Қаламбаева – Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының «Қораз» спектакліндегі Министр ролі үшін;
«Эпизодтық жыл актері» – Ерназар Жаңатілек – Нұрсұлтан қаласы Музыкалық жас көрермен театрының «CHANEL №5» спектакліндегі Юрий Узипенко ролі үшін;
«Екінші пландағы жыл актрисасы» – Алмахан Кенжебекова – Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының «Қорғансыздың күні» спектакліндегі Кемпір ролі үшін;
«Екінші пландағы жыл актері» – Жанқалдыбек Төленбаев – Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының «Бопай ханым» спектакліндегі Барақ батыр ролі үшін;
«Жаңа есім» – Әлібек Өмірбекұлы, Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының «Қораз» спектаклі үшін;
«Қуыршақ театрының жыл қойылымы» – Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі;
«Балаларға арналған жыл қойылымы» – Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры «Көліктер тартысы» қойылымы;
«Жыл қойылымы» – М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының «Гоголь. Петербург» спектаклі;
«Жыл актрисасы» – Данагүл Темірсұлтанова – М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының «Пері қатын» спектакліндегі Кураж шешей ролі үшін;
«Жыл актері» – Еркебұлан Айдымбаев – Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының «Еріксіз емші» спектакліндегі Сганарель ролі үшін;
«Жыл режиссері» – Наталья Дубс, Мемлекеттік неміс драма театрындағы «Сон в летнюю ночь» спектаклі үшін.