Мәдениет саласында цифрландыру жұмыстары қайлай жүріп жатыр?

ЖАҢАЛЫҚТАР
3245

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов мәдениет саласындағы цифрландыру жұмыстары жөнінде баяндады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

 Әбіл Жоламанов«Халықаралық стандарттар негізінде барлық мәдени құндылықтарды цифрлық форматқа аудару үшін кеңейтілген цифрлық әдістеме дайындалды. Бұл әдістеме цифрлық форматқа аударуда қателерге жол бермейді. Әзірге ҚР Ұлттық музейі базасында музей қорының мемлекеттік каталогы бойынша пилоттық жоба және «Сакралды Қазақстан» бойынша виртуалды турлар жобасы іске қосылды. Сонымен бірге, ұлттық электронды кітапхана мен мемлекеттік электронды кітапхана қоры жұмыс істейді», - деді Әбіл Жоламанов «Рухани қазына» ІІ республикалық фестивалінің ашылу салтанатында.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда Электронды кітапхана қорындағы құжаттар көшірмесі 2,5 есеге артқан және 2019 жылы 51 мыңнан астам электронды көшірме жүктелген. Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда «Рухани қазына» фестивалі өтіп жатыр

СПОРТ

Қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіспен бастады, деп ха...

Шоу-бизнес

Белгілі актер Дәурен Айдарқұлов көпшілікке белгілі подкастқа қатысып, "көпәйелділік" тақырыбын өзіні...