Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 85-маусымның шымылдығын Ахмет Жұ...
Оспан батырға арналған концерт неліктен орта деңгейде өтті?
Кешегі Оспан батырдың 120 жылдығына орай өткізілген "Қайқая шапқан қарагер" театрландырылған концертте Дихан Қамзабек ағамның сөзіне әлі ойланып жүрмін... "Біздің жақта да құрбандар болды..." - дегені несі?!. Жалпы қазақтың тарихы, ортақ нәубетті жылдар емес пе? Жүрегімізде шекара болмаса екен. Оспан Исламұлы тек арғы беттегі азғантай Керейдің емес исі қазақтың мүддесін қорғаған баһадүрі деп білсек игі еді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы ұйымдастырған кешті бұдан да биік деңгейде өткізуге болар еді. Режиссер Болат Ұзақовтың қарым қабілеті біз күткен биіктікке әбден жететініне еш шүбәміз жоқ. Дегенмен театрландырылған концерт орта деңгейде өтті. Бірінші кейіпкелердің ішкі дайындығы жетіспей жатты. Екінші сахналық безендірілу өте жұпыны болды. Үшінші әдеби нұсқасы да шер тарқатарлық, көздеген нысанаға дөп тиерлік болмады. Төртінші театрландырылған процесі орта жолдан бітіп қалып кештің екінші бөлімі кілең концерт болып кеткені кештің үзілмейтін байланысын бұзып жіберді. Сіздерге түсінікті болу үшін тәптіштеп айта кетсем.
2. Сахналық безендірілу ол қойылымның кілті. Екі шетке тасқа ұқсас екі-үш декор қойып Алтайдың табиғаты деп елестету мүмкін бе? Артистер құрамында жетіспеушілік көзге ұрып тұрды. Әсіресе көпшілік сахналар тарихи емес сатиралық қойылым көрсетіп жатқандай күлкі шақырады. Дайындық аз болды ма, әлде аяқ астынан қосылдыма көпшілік сахнадағы артистер өз мизансценаларын білмейді, шұбырып көшіп жүр. "Әлем" эстрада би ансамблінің көйлек, костюмдері эстрадалық болғандықтан оқиға ауанына, кештің барысына мүлдем жанаспай, көрер көзге оғаш болды. Айтпағым оюсыз офистің, көшенің киімі емес театрландырылған.
3. Әдеби нұсқада диалог аз. Монологтары да дөп сөзді емес, тек баяндау. Ақыт,Оспан, Сұлубай, Бүркібай т.б алыптардың диалогын, келелі кеңестерін, сүбелі сұхбаттасуларын көре алмадық.
4. Режиссер театрландырылған концерттің кілтін таппаған сыңайлы. Перде сыртынан баяндаудан көрі, сахнада бір кейіпкер реконструкциялық әдіс арқылы оқиға өрісі мен кештің барысын жылжытып отырса жарасар еді. Әйтпесе кеш театрландырылған концерт емес, әдеби музыкалық композиция болып қалды.
Біткен іске сыншы көп. Дегенмен біздікі болашақ тұлғаларымызға арналған кештер осы қателіктерге ұрынбаса екен деген ниет. Бабаларымыз ұлықтала берсін! Жоғарыдағы кемшіліктер болмаса ән деген құдіретке шөл қандырдым, күй деген талғамды үнмен жанымды ұшықтадым. Еңбектеріңіз жансын. Дәстүрлі өнерді театрландырылған әдістер арқылы насихаттау өте орынды деп білем. Ғасырдың көзі де, сөзі де, өзі де өнерде жатыр.