Талант пен талғам үйлессе...

ӘДЕБИЕТ
2079

Журналист - бұл мамандық емес, бұл талант пен талғам. Осы екі құрамдас бөлікті біріктіре білген адам қоғам мен билік арасындағы байланыстырушы көпір ғана емес, өз ісінің нағыз маманы болмақ. Жылына мыңдаған түлек ұшып шығатын қара шаңырақ - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 85 жылдық тариxында талай саңлақтарды дайындап шығарған болатын. Арасында белді журналистер ғана емес, қоғам қайраткерлері мен xалық жанашырлары, мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, әлемдік деңгейде қызмет атқаратын профессорлар мен ғалымдар да бар. Өң бойына бар жақсыны жиған жақсылар бүгінде елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде де еңбек етіп жүр.  Альма-матер түлектерінің бірі, "Ақпарат саласының үздігі" , "Дарын" Мемлекеттік сыйлығының иегері Ринат Думанұлы -журналистика саласының үздігі. Университет қабырғасынан кеткеніне бар-жоғы 14 жылдың ішінде үлкенді-кішілі көптеген жетістіктерге жетіп, бүгінде еліміздегі ең үлкен телеарналардың бірі - "Хабар" арнасының директоры болып қазмет атқарады. Еңбек жолын дәл осы агенттікте 2006 жылы Қазақ тіліндегі ойын-сауық бағдарламалары редакциясының продюсері ретінде бастаған. Кейіннен талантына талабы сай жас маманның мансаптық жолы ілгерілей түседі.

Негізінен журналистің жетістікке жетуі үшін көптеген факторлар әсер етуі шарт. Бір кездері, жаһандық желі ұғымдары болмаған кезде-журналистер мен жетекші хабарларға, масс медиа жұлдыздарының рөліне үміткерлерді іріктеу кезінде басты критерий абсолюттік сауаттылық болды, дегенмен бұл әдемі келбет пен дикцияны жоққа шығармады. Қазіргі таңда өзге мамандықта білім алса да, руxани бай әрі ақ қағазға көк сиямен керемет қолтаңба қалдыра алатын әрбір азамат журналистикада бағын сынай алады. Бір ақылды адам айтқандай - оқиғалар арасында параллельді өткізу қабілеті адамды маймылдан жоғары етеді, ал кейбір адамдардың параллельдер арасында параллельді өткізу қабілеті қалған массадан жоғары. Ал шынайы өзін журналистпін деп сезінетін әрбір маман xалық арасындағы дүрбелеңнен xабардар болып, қоғаммен тығыз байланыс орнатуы қажет. Иа, былтырғы жылғы «Хабар» арнасының әлеуметтік мәселелерге көп көңіл аударуының өзі Ринат Думанұлының xалыққа біршама жақын екенін білдірсе керек. 

Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп, газет-журнал немесе радио телевидениенің жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші – ұйымдастырушылық, екінші — әдеби өңдеу, үшінші – шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Оған қоса өмірдегі құбылыстардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса, тіпті жақсы. Ол уақыт, заман ағымын жақсы түсінуі тиіс. Әсіресе, идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білгені жөн. Аталған қасиетердің барлығын тоғыстырған Ринат Думанұлы

Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің "баспасөз және ақпаратты дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төс белгімен арнайы марапатталып, сондай-ақ ҚР Президентінің грантының иегері атанған болатын.

Журналистің тағы бір қасиеті – оның саяси-әлеуметтік қызметінде, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Белгілі тілші әрі продюсер әлеуметтік желілерде белсенді. Агенттіктің барлық жаңалықтарымен таныстырумен қатар, ел ішіндегі мәселелер жайында да қалам алып жүргендердің бірі. Әсіресе, Junior Eurovision байқауында еліміздің намысын қорғаған Данэлия Тулешованы қолдауынан байқауға болады. Бірден бір мемлекеттік арнаның атынан қаржылай да көмек қолын созып, алғаш рет Қазақстан аламан бәйгеде бақ сынаған еді.

Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық, психологиялық, шығармашылық қабілетін толық пайдаланып, сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал ақыл-ой, эрудиция бірінші орында тұруы керек. Сондай-ақ, журналистің жеке бас мәдениеті көп нәрсені аңғартады. Әсіресе, журналистің мәселені терең білушілігі аса қажет. Онсыз журналистің табысты жұмыс істеуі екіталай. Өмірде журналист әртүрлі жағдайға кездесуі мүмкін. Соның бәрінде жан-жақты хабардарлық, білімділік болмаса кей нәрсенің анық-қанығына жету, ақ-қарасын ашу оңай емес. Журналист әрқашан өз білімін теориялық тұрғыдан толықтырып, тәжірибелік тұрғыдан ізденіп, еңбек ете білгені дұрыс. Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болуы керек. Осы тұста бұрыңғы жаңалықтар бөлімінің редактор-аналитигіне, қазіргі білдей алып агенттіктің директорына университет қабырғасындағы білімі сүйеу болып, жеке тәжірибесі септік болса керек.

Журналистика — көптеген бағыттарды қамтиды, сол себепті журналист мамандығының нақты анықтамасын беру мүмкін емес, бірақ мамандықтың рухын жеткізуге болады. Тек бір сөзбен ғана мүмкін емес, жоғарыда сипатталған барлық нәрсе - қарапайым адамның көзімен журналистиканың көрінісін түсіндіру.

Қазіргі таңда аталмыш қасиеттерді тоғыстырған адам ғана көптеген жетістіктерге жете алады, бірақ мұндай адамдар қарасы сирек. Қазақ Ұлттық университеті - көптеген дарындыларды тәрбиелеп шығарған қазақ журналистикасының қара шаңырағы. Алыптарды танытқан университет әлі де өз жолынан таңбай келеді. Сондай түлектерінің бірі елімізге танымал, белсенді журналист, продюсерлердің бірі - Ринат Думанұлы. Білім кеңістігі мен сарқымсыз тәжірибесенің арқасында ақпарат әлемінің көшбасшыларының қатарында. Алар белесі мен келесі ұрпаққа берері мол аға буын өкілдерінің бірі, еңбегі еліне сіңген азаматтарының бірі болып, жас журналистер үлгі аларлықтай болғай.

Сайлауханқызы Гүлшат, 

 журналистика, 201 топ.



Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...