Шымкентте әйелдің бетін бұрынғы күйеуі қышқылмен күйдіріп кеткен

КТК арнасы

ЖАҢАЛЫҚТАР
632

Шымкентте 42 жастағы әйелге жасалған сұмдық шабуылдың мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу нұсқасы бойынша, оның бұрынғы күйеуі әйелге қышқыл шашып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жәбірленуші ауыр күйік алып, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Әйелге жасалған шабуыл оның жұмыс орнында — сұлулық салонында болған. «НеМолчиKZ» мәліметінше, 44 жастағы ер адам бұрынғы әйеліне клиент болып жазылып, кешкі уақытқа процедураға жазылған. Кейін арнайы жұмыс киімін киіп, оны аңдып тұрып, үстіне қышқыл шашқан.

42 жастағы әйелдің басы, беті және денесі күйіп қалған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Ерлі-зайыпты бес жыл бұрын ажырасып кеткені белгілі болды. Жақында жәбірленуші бұрынғы күйеуінің қайта пайда болып, кек алатынын айтып қорқытқанын мәлімдеген.

Күдікті көп ұзамай Алматы қаласында ұсталды. Ол сол жерде жасырынып жүрген.

"Осы факті бойынша полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, сол күні Алматы қаласында ұстады. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қамауға алынды", - деді Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары Еркебұлан Ережепов.

СПОРТ

Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Молдоваға қарсы кездесу өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хаб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда тоғыз жастағы балаға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп...