«Көрімдік қайда?»: Айдарбек Ходжанаровтан көлік алған қырғыз тележүргізушісі қуанышымен бөлісті

коллаж MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
152

Қырғызстандық танымал тележүргізуші Айзада Жамгырчиева Қазақстандағы Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжанаровтан көлік сыйға алды. Ол қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісіп, қазақстандықтарға алғысын білдірді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Тележүргізуші әлеуметтік желідегі жазбасында сыйлықтың өзі үшін ерекше мәнге ие екенін айтып, Айдарбек Ходжанаровқа уәдесінде тұрғаны үшін ризашылығын жеткізді.

«Кейде бір сыйлықтың астарында мың сөзге татитын мағына жатады. Бауырлас қазақ елім, бүгін сендер мені жай ғана қуантқан жоқсыңдар, жүрегімді жылыттыңдар. Уәдеңізде тұрып, көрсеткен құрметіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын!» – деп жазды ол.

Айзада Жамгырчиева өз жазбасында қазақ пен қырғыз халықтарының бауырластығына да ерекше тоқталды.

«Қырғыз бен қазақты шекара бөлгенімен, жүрегімізді ештеңе бөле алмайды. Тарихымыз тамырлас, тіліміз үндес, көңіліміз бір. Қазақ еліме үлкен рақмет! Жақсылықтарыңыз өздеріңізге мың еселеп қайтсын!» – деді тележүргізуші.

Ол жазбасын қазақ-қырғыз достығы мен ынтымағының мәңгі болуын тілеп аяқтады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы Медеу мен Шымбұлақ табиғи парктерінің аумағына көлікпен кіру тәртібі өзгереді. Енді бұл а...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Эльвира Азимова Конституциялық сот төрағасы болып қайта тағайындалды деп хабарлайды MadeniPortal.kz....