Қазақстан Ұлттық банкі телефон-алаяқтарының белсене бастағанын ескертеді, деп хабарлайды madeni...
Білім вице-министрі Э. Суханбердиева екі айға қамалды
1905
"ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева 2 айға қамауға алынды" деп Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп madeniportal.kz хабарлайды.
«Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызына қатысты 2 ай мерзімге, яғни осы жылғы 2 тамызға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - деді қалалық соттың баспасөз қызметі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын басталғандығы туралы бұған дейін хабарланған болатын-ды.