Әлеуметтік желіде Нұрлан имам деп танылған Нұрлан Байжігітұлы футболдан Қазақстан құрамасының ойыншы...
Алаяқтар Шерзаттың әкесінің атынан ақша жинаған
Фото: justice_for_sherzat
4517
Кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың әкесінің атынан жалған парақшалар ашылып кеткен. Олар өз реквизиттерін ұсынып, халықтан ақша жинап жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Әлеуметтік желіде Шерзаттың атына justice_for_sherzat атты парақша ашылды. Бұл парақшаны ашудың басы-қасында марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді бар. Ол Шерзаттың әкесінің атына ашылған парақшалардың жалған екенін айтты.
Сонымен қатар “митинг болады” деген ақпараттың жалған екенін алға тартты. Айтбек Амангелді митинг тек жағдайды ушықтыратынын жеткізді.