Шариғат никабты міндеттемейді": Бас мүфти орамал тартуға қатысты өз ойын айтты

ҚМДБ

Жаңалықтар
405

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы парламент палаталарының бірлескен отырысында никабқа қатысты жеке пікірін білдірді, деп хабарлайды Alash.KZ azattyq.ruhy-на сілтеп.

«ҚМДБ - ислам дінін насихаттаушы орталық. Никаб деп бетті тұмашалайтын киімді айтады. Біз оған қатысты мәлімдеме жасаған едік. Шариғат никабты міндеттемейді. Біз оны осыған дейін де айттық. Оны заң бойынша қалай реттейтіні бізге қатысты емес. Біз өз насихатымызды жүргіздік. ҚМДБ халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Халықтың пайдасына шыққан кез келген заңға біз бағынамыз. Балиғат жастағы, Аллаға сенген кез келген қыз баланың орамалмен жүруін шариғат міндеттеген. Сондықтан балиғат жастағы қыз бала орамалмен жүруі керек. Біз оны осыған дейін де айттық. Намаз оқитын қыз бала орамалмен жүргісі келеді. Оның құқығы неге шектелуі керек?», - дейді Бас мүфти.

Еске салсақ, осыған дейін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп оқушылары мектеп формасы кию керек деген болатын. Министр Конституцияда еліміз зайырлы болып саналғандықтан, мектеп те зайырлы болуы керегін алға тартқан еді.

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...