“Қар, бұрқасын”: 3 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2651

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының оңтүстігінде және батысында түнде аздаған жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде бұрқасын, көктайғақ болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең қарлы боран соғады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20, екпіні 23 м/с.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бішкекте 9 қазанда жоғалып кеткен 28 жастағы Ханэл Жоробаевтың мәйіті табылды. Оның денесі Көк-Жар а...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің индустриясы мен өнеркәсібін дамытуға үлес қосқан бір топ аза...