«Жамиғ ат-Тауарих» және «Зикзал». Ұлттық дүниетанымымызды айшықтап, тарихымы...
Вандализм жасап аты шыққан шенеунік жаңа қызметінен қайта қуылды
Фотосурет: Ашық дереккөзден
Ақтөбе облысында жартасқа жазуды ойып жазған шенеунік қайтадан жұмыстан қуылды, деп хабарлайды, madeniportal.kz.
Вандализм жасады деп айыпталған шенеунік Манас Көшербаев жақында ғана Ақтөбе облысындағы мәдени орталыққа басшылық қызметіне келген еді.
«Манас Көшербаевтың құжаттары барлық талаптарға сай болды. Сондықтан 6 наурызда Манас Көшербаев Байғанин аудандық мәдениет үйінің меңгерушісі болып тағайындалды», – деп Байғанин аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі хабарлаған болатын.
Алайда Манас Көшербаев бұл қызметінен де айырылған.
Ақтөбе облысында жартасқа жазуды ойып жазған шенеунік қайтадан жұмыстан қуылды. Байғанин аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының 2024 жылғы 27 наурыздағы бұйрығымен Манас Көшербаев берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды. Бұл туралы мәдениет вице-министрі Қанат Ысқақов айтты.