ШІЛДЕ. "Тас балқытар ыстық түн"

ТАНЫМ
6735

Халқымызда «қырық күн шілде» деген ұғым бар. Оны қазақ «жазғы шілде» және «қысқы шілде» деп екіге бөледі. Жазғы шілде 25 маусым мен 5 тамыз арасындағы жаздың ең ыстық қырық күні. Оны халық тағы да «Ұлы шілде» деп те атайды. Ал қысқы шілдеде 25 желтоқсанмен 5 ақпан арасы. Қыстың ең суық қырық күні. Бұл кезең - «Kiшi шілде» деп аталады .Табиғаттың бұл құбылыстары Үркердің жерге енуі мен тас төбеде шақырайып тұру уақытымен пара-пар келеді. Еліміздің оңтүстік өңірінде тұратындар үшін қыстың ызғарынан гөрі, жаздың қапырық ыстығына төзу өте қиын. «Жаздың қырық күн шілдесі», «қырқына шыдап, қырық біріне шыдамау» сияқты тіркестердің қолданысы осы мезгілді меңзейді.

Сондай-ақ шілде айы қазақтың байырғы ай қайыруы бойынша "Әсет" деп аталады. Кейбір деректерде асад деп те қолданылады.

Асад - араб сөзі. Қазақша мағынасы - арыстан. Жұлдызнама бойынша «Арыстан шоқжұлдызының» атауы. Әсет, Есет деген кісі аттарының түп мағынасы осы асад, яғни арыстан дегенді білдіреді.

"Құстар жасап қарекет,
Балапанын ұшырған.
Мезгіл аты бар – әсет –
Жаз ортасы құлпырған.
Жарық айлы қысқа түн.
Ұзақ кезіп даламды.
Тас балқытар ыстық күн
Тек шілдеде болады.
Шілдеде шөп маялап,
Егін басы толады.
Көкөніс пен миуа бақ
Көздің жауын алады".

Шіліңгір шілде айы "тілсіз жау" өрттің өршитін кезі.

Абай болайық, ағайын!


Мұрат Рақымжан

Жаңалықтар

Шерзат Полаттың туыстарының құқығын қорғайтын адвокат Карина Көшербаева қанды оқиға болған түні дүке...

Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Талғардағы Нұрымовтар әулетінің басындағы ауыр жағдайды Ішкі істер...