Бүгін 27 желтоқсан күні Талғар ауданы, Жаңалық ауылында 3 экспозициялық залдан құралған, репрессия ж...
Қызылорда жастары «Дала Қырандары» құрамына қабылданды
Фото: «Дала Қырандары» қозғалысы
Қызылордада жаңа мүшелер «Дала Қырандары» төсбелгісін алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz
Қызылордада «Дала Қырандары» қозғалысының жаңа мүшелеріне төсбелгі табысталды. Барлық іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен үміткерлер ұйымның ресми қатарын толықтырды. Салтанатты рәсім достық әрі жұмыс атмосферасында өтіп, қатысушылардың толқуы мен қуанышын айқындады.
Үміткерлер бұған дейін бірнеше сынақтан өткен: 3000 метрге жүгіру, Купер тесті, ұйым жарғысы бойынша емтихан және үйлестірушілермен жеке сұхбат. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған кезеңдер физикалық дайындықты ғана емес, тәртіпті, мінезді және ішкі жігерді де талап етеді.
Төсбелгі табыстау — ұзақ дайындықтың нәтижесі әрі ұйымның белсенді, жауапкершілігі жоғары, отаншыл жастарын мойындаудың символы. Тәжірибелі қырандар қызылордалық топтың ұйымшылдығы мен дайындық деңгейін ерекше атап өтті.
— «Әрбір төсбелгі — сенімнің белгісі. Бұл жастар нағыз қыран атағына лайық екенін дәлелдеді», — деді ұйымдастырушылар.
Осылайша, Қызылорда «Дала Қырандары» қозғалысы белсенді дамып келе жатқан өңірлердің қатарына ресми түрде қосылды.