17-21 сәуір аралығында Астанада "Eurasian Book Fair" Еуразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ө...
Асылып өлетіндерге жіпті дайындап қоямын: Айс Мұратова (Видео)
Сурет: Ашық дереккөзден
"Үстін өртейтіндерге бензинді өзім алып қоямын, асылып өлетіндерге жіпті дайындап қоямын",- сотталушы Айс Мұратова өзінен алданған жәбірленушілерге осылай үндеу жасады.
Ескерту: ❗️Видеода балағат сөздер бар екенін ескертеміз
Айс Мұратованың ісі бойынша заңгер Ғабит Өмірбек «үй қамақ» түріндегі бұлтартпау шарасының талаптарын бұзғанын желіде өз парақшасында бөлісті, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Айс Мұратова, шын есімі Арайлым Қожамұратова Қытайдан тауар жеткізу саласында әлеуметтік желі арқылы сатып алушыларды тартып, төлемді картаға аудару арқылы келісімшарт жасамай-ақ қабылдап, бірақ тиісті уәделерді орындалмай сатып алушыларды алдаған.
"Қазіргі таңда Айс Мұратованың «ҮЙ ҚАМАҚ» түріндегі бұлтартпау шарасының талаптарын бұзғаны анықталды.
Соның нәтижесінде, ТЕРГЕУШІ мен ПРОКУРОР Айс Мұратованың «ҮЙ ҚАМАҚ» түріндегі бұлтартпау шарасын «КҮЗЕТПЕН ҮСТАУ» бұлтартпау шарасы бойынша қаулы шығарып, сотқа жіберді.
Бұйыртса, БЕЙСЕНБІ күні яғни, 02.05.2024 ж. сағ.10:00-де СОТ болады.
Алдағы уақытта барлық жаңалықтарды тікелей хабарлап отырамын", - деді заңгер.