Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Жаңалықтар
2303

 

Құрметті отандастар!

Күллі мұсылман үмбетін Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!       

Қасиетті Құрбан айт –  мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарының теңдессіз көрінісі ретінде халқымыздың рухани дүниесінен ерекше орын алатын мейрам.   

Имандылықты өскелең ұрпақты тәрбиелеу көзі деп санайтын мұсылман қауымы осы күні ізгі ниетімен игі істер атқарып, өзара түсіністік пен келісім рухын нығайта түседі.     

Бұл ынтымақ пен бірлікті қадір тұтып, сақтап келе жатқан еліміз үшін өте маңызды.            

Қасиетті мейрамда баршаңызға зор денсаулық,
құт-береке тілеймін.

Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!

 

Қасым-Жомарт Тоқаев

Жаңалықтар

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасынына &nbsp...

Жаңалықтар

Павлодар облысының тұрғыны интернетте белгісіз бойжеткенмен танысып, мүлкінен айырылды,  деп ха...