«Орталық» әскери бөлімінің сарбазы Жапар Ислам-Әли Елеусізұлы сүйіктісімен кездесіп тұрғ...
Аида Балаева: «Nur Otan» халықпен жұмысын күшейтуі тиіс
«Nur Otan» халықпен жұмысын күшейтуі тиіс. Мұндай пікірді Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында білдірді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
«Елбасының «Nur Otan» партиясы саяси кеңесіндегі сөйлеген сөзін зор ықыласпен тыңдадым. Әдеттегідей партия Көшбасшысы толықтай алғанда аппаратқа да, партияға да қатысты бар өзекті күнтәртібі мен аса маңызды міндеттерді нақты айқындап берді. Басты месседж - белсенді мүшелері мен жақтастарына арқа сүйейтін мықты партия. Бұл үшін Парламенттегі партиялық фракция күшейтіліп, жұмыстың жаңа формата белсенді түрде ілгерлетілетін болады», - деді ол. Осы орайда, Аида Балаева Елбасымыздың партия ашық, адамдардың сенімін тудыратын және қоғаммен үнемі диалогқа бағдарланған болуы тиістігін атап өткенін еске салды.
«Көп жағдайда бұл міндеттер менің бүгінгі жұмысымда көрініс тауып жатады. Жаңа қызметке тағайындалған сәттен бастап азаматтарды тұрақты негізде өзім қабылдаймын. Көп жағдайда адамдарға белгілі бір күрделі жағдайда қалай дұрыс қадам жасау керектігін тек түсіндіру ғана қажет. Саяси кеңес мүшесі ретінде партия мемлекеттік саясаттың өзекті бағыттарын түсіндіру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру тұрғысынан халықпен жұмысын күшейту қажет деп есептеймін», - деді А.Балаева.
Оның пайымынша, мемлекеттің әлеуметтік бағдарланғандығына қарамастан әлеуметтік масылдық үшін жағдай жасауға жол беруге болмайды. «Азаматтардың әл-ауқаты мен ел экономикасының дамуы басым міндет болуы тиіс. Бүгін Елбасы да барлық партияластарын дәл осыған үндеді», - деді ол.