«Гонорардан бас тартқан»: Димаш Құдайберген Қырғыз Республикасында ән шырқайды

Фото: Facebook.com/Султан Раев

ЖАҢАЛЫҚТАР
886

Димаш Құдайберген Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласына IV Халықаралық «Мейкин Азия» музыкалық фестиваліне қатысу үшін келді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев өз әлеуметтік желілерінде жазды.

«2013 жылы “Мейкин Азия” фестивалінің алғашқы Гран-при иегері он екі жылдан кейін алғаш рет фестивальге келді!» — деп жазды ол.

Биылғы сапардың ерекшелігі — Димаштың өнер көрсеткені үшін қаламақыдан бас тартуы болды.

Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты вице-министрі Тимурлан Ажымалиевтің айтуынша, әнші жүрек қалауымен келіп, тегін өнер көрсетеді.

«Ол жүрек қалауымен келеді. Димаш қаламақыдан бас тартты», — деді ол Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында.

Әлемге танымал Димаш Құдайберген қазіргі қазақстандық шоу-бизнестегі ең жарқын әртістердің бірі саналады. Оның қатысуы түркі дүниесі елдері арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған фестивальдің басты оқиғаларының бірі болды.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілде күні Ыстықкөлде «Мейкин Азия» халықаралық музыкалық фестивалінің ашылуы өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...