Дональд Трамптың ұлы бір апта бойы киіз үйде тұрған (фото)

Жаңалықтар
2635

Америка президенті Дональд Трамптың ұлы кіші Дональд Трамп Моңғолияға саяхаты кезінде бір апта бойы киіз үйде тұрған. Орталық Азияға ат басын бұрған АҚШ көшбасшысының перзенті бұл сапарынан естен кетпес әсер алғанын айтып, басынан өткен оқиғаларымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кіші Дональд Трамп Instagram парақшасында Моңғолия табиғатына тәнті болғанын жеткізіп, бір апта бойы киіз үйде тұрғанын өзіне қатты ұнағанын айтты.

"Достар, мен желіге оралдым. Ұлым Донни екеуіміз Моңғолияны зерттеу барысында киіз үйде тұрдық. Біз ат үстінде көп шақырымды еңсердік. Жақында бұдан да көбірек сурет күтіңіздер. Шынымен, мен көрген әлемдегі ең әдемі жерлерінің бірі екен. Жергілікті табиғат пен адамдардың жылулығы мен ақкөңілділігі тәнті етті" , - деп жазды президентті ұлы.

Айта кетейік, кіші Дональд Трамп АҚШ президентінің бірінші некеде туған тұңғыш ұлы. Ол жеке кәсіппен айналысады. Дональд Трамптың бірінші некеден үш баласы бар: кіші Дональд Трамп, Эрик Трамп және Иванка Трамп


Жаңалықтар

Сотталған адамды азаптаған Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаме...

Жаңалықтар

Семейде оқушыларын дәретханаға шығарып сөйлескен мұғалім жұмыстан қуылды, деп хабарлайды madeniporta...