Хан Тәңірі шыңын бағындырмақ болған алматылық қаза тапты

Alash.kz ақпараттық порталы

ЖАҢАЛЫҚТАР
2832

Хан Тәңірі шыңын бағындырмақ болған алматылық және мәскеулік туристер ажал құшты. Бұл туралы  КТК телеарнасы хабарлайды. 

Алматы мен мәскеулік туристер таудың Қырғызстан жақ бетінде қар көшкінінің астында қалып қойған. Төтенше жағдай альпинистер бес мың метр биіктікке көтерілгенде болыпты.

Төрт адамнан құралған альпинистер тобын көшкін таңғы уақытта басып қалған. Абырой болғанда, үшеуінің басы қар арасындағы ойықтан шығып қалады. Олар сол жердегі ауамен тыныстап, өз бетінше шығуға тырысқан. Алайда ол мүмкін болмаған.

Бір өлімнен аман қалған экспедиция мүшелерін мұз құрсап, жағдайдың ушыға түскенін айтады. Денелері сіресіп, тынысы тарыла бастаған. Сөйтіп қолындағы рациямен биігіректе кетіп бара жатқан топқа хабар беріп үлгерген. Қарға батқан жерін суреттеп айтып, әріптестері лезде іздеуге кіріседі. Туристер үш метр көшкіннің астында 40 минуттан астам уақыт өткізген. Ал қаза тапқан альпинист ойықтан басын шығарып үлгермеген.

Үш турист құтқарылған соң, тауда тағы да көшкін жүріп, одан ешкім зардап шекпепті. Экстремалды спорт түрімен айналысамын деп қаза тапқан ресейлік туристің мәйітін іздей бастайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбиялық әнші Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Чоко департаментіне кенеттен келіп, бүлінген...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдың оңтүстік-батысында толассыз жауған нөсер жаңбыр ауыр зардаптарға әкелді. Қатты жауын салдар...