Қарағандыда жалдамалды пәтерден 2 мүрде табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
965

Қарағандыдағы жалдамалы пәтерде 15 пен 18 жастағы жасөспірімдердің өлі денесі табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қарағанды облысының екі тұрғынының денесін жалдамалы пәтердің иесі тапқан.

Полиция бұл фактіні растады. Өлімнің себептері анықталып жатыр. Марқұмдардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.

Қайтыс болғандардан басқа пәтерде ес-түссіз күйде тағы үш адам болғаны туралы деректер бар. Бұл туралы полиция түсініктеме бермеді.

Қылмыстық іс қозғалды.

«Полиция болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу және жедел іс-шаралардың толық кешенін жүргізуде.

Тексеру және тергеу әрекеттерінің қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес процестік шешім қабылданатын болады. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді», —  деп түсіндірді Қарағанды облысы ПД .

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...