2008- жылдан бері қалыптасқан дәстүр бойынша, бірінші шілдеден отызыншы қыркүйек аралығында өтетін -...
Нәтижеге бастайтын беталыс
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Жолдауын талқылау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай күн отырысы болып өтті.
Осы шараны ашу барысында Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Н.А. Балғымбаев, еліміздің Президенті Қ. Тоқаевтың алғашқы Жолдауы –мемлекетіміздің өркендеу сатысының жаңа кезеңіне аяқ басқанын және бұл аса маңызды стратегиялық құжат болып саналатыны жайлы атап өтті. Сонымен қатар бұл Жолдау - ел басшысының еліміздің дамуына қатысты жеке көзқарасынан туған еңбегі екенін де айта кетті.
Жиынның модераторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедра меңгерушісі Б.З. Батталханов та өз пікірін ортаға салды. Оның айтуынша, Президенттің Жолдауы еліміздегі қордаланған барлық проблемалардың басын ашқан кең көлемді, нақтылы тұжырымдама болып саналады. Ол өзінің заңгер ретіндегі пайымымен бөлісті. Алдыға қойған жарқын бастамалады қарқынды жүзеге асыру үшін, яғни саяси, экономикалық және әлеуметтік өркендеу үдерісін қолдайтын бірқатар заңнамалық актілер қабылдауымыз керек деді ол.
Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары К.В. Мамсуров: «Мемлекет басшысының Жолдауындағы өзекті дүниені диалог деп айтар едім. Иә, мемлекет пен халық арасындағы диалог. Қоғамдық бірлестік ретіндегі біз үшін көңілге қонымдысы қоғамдық диалог, ашықтық пен қолдау және азаматтық қоғамның орнығып, жалпымемлекеттік өзекті мәслелерді шешуге тартылуы жақсы бастама деп есептеймін.»
Белорус этномәдени бірлестігінің мүшесі, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-эксперттік тобының төрағасы орынбасары С.В. Аннаньева, Жолдаудың бір тармағында қоғам өмірінің аса маңызды бір саласы болып саналатын мәдениетке көңіл аударылғанын тілге тиек етті. Келесі жылы атап өтілмекші халқымыздың біртуар кемеңгер, данышпан тұлғаларының дүбірлі мерейтойларына дайындық қазірден басталды. Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жалпы мемлекеттік қана емес, күллі түркі әлемі мен барша әлемді қамтитын көлемді шара өткізілмекші. Президенттің айтуынша осындай ізгі шаралар - өскелең ұрпақты патриотизмге баулитын, тәрбиелік мәні аса зор іс.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Саясаттану және философия» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.К. Симтиков, өзінің ұстаз екенін айта келе, ұстаздар, мектеп, білім және ғылым мәселесі әрдайым Президенттің ойында екенін атап өтті. Әлемдік өркендеу үрдісінің аяқ алысына сай, біздің білім беру жүйесіне де тыңғылықты зерделеумен қалыптасқан жұмыс бағыты жасалатынына үміт білдірді.
Түркімен этомәдени бірлестігінің төрайымы Г.А. Аннакулиева, бала және отбасы институтын қолдап, оған расында да шынайы көңіл аударатын кез жеткенін айтты. Балалардың құқығын сақтап, оларды зорлық-зомбылыққа ұшыратпау керектігіне көңіл аударды. Алматы қаласында отбасында зорлық-зомбылық көрген аналардың балаларымен бірге қашып барып, паналайтын қайырымдылық баспанасы бар. Азаматтық қоғамның өкілдері ретінде осындай шектен шығушылықтардың жолын кесуіміз керек.
«Қазақстандағы орыс мәдени орталығы» қоғамдық ұйымының төрағасы В.А. Лукашев, Мемлекет басшысының Жолдауы біздің еліміздің даму сатысының қандай бағытта өріс алатынын айқындайтын өзінің тікелей көзқарасы деп санаймын деді. Менің ойымнан да көңілімнен де шыққаны: микро және шағын бинестік компаниялардың табыс салығынан үш жылға босатылуы болды.
«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі, философия докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Р.А. Челидзе, билік пен қоғам арасындағы диалог арқылы нәтижелі істерге қол жеткізуге болады. Осы орайда Президенттіңді алдыға қойған мақсаттары «Тыңдайтын мемлекет» атты бастама аясында өрбуін қолдаймын деп өз пікірін білдірді.
Кездесу барысында жан-жақты қамтыған тыңғылықты диалог орын алды. «Ахыска» түрік этномәдени бірлістігі төрағасының орынбасары Ш.А. Асиев, «Филия» Казақстандағы гректер Ассоцияциясы төрағасы Г.К. Иорданиди және басқалары Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша өз ой-тұжырымдарымен бөлісті. Сонымен қатар олар өздерінің этномәдени бірлестіктерінде Мемлекет басшысының Жолдауын түбегейлі талдап, насихаттайтындарын жеткізді.
Осы айтулы іс-шараға, Алматы қаласының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының белсенділері, Алматы қаласы жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен республикалық этномәдени бірлестіктерінің мүшелері және жетекшілері қатысты.
Заман Төлеуов