Жетісу облысында екі полиция қызметкері қаза тапты

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2871

Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 28 маусымда жол апатынан қаза тапқан Жетісу облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Қайғылы жағдай туралы ішкі істер министрі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан қаза тапқан Жетісу облысы полиция департаменті қызметкерлері - полиция майоры Арнұр Алханов пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Асылбековтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Олардың есімдері әріптестерінің жадында мәңгі сақталады», - деп жазылған хабарламада.

Ішкі істер министрлігі марқұмдардың отбасына қажетті көмекті көрсетеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...