Атырау облысының Индер ауданында 25 сәуірде өрт шығып, пәтерден 10 және 7 жастағы екі баланың мәйіті...
«Самғау» байқауының жеңімпаздары анықталды
Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылар «Самғау» сыйлығының жеңімпаздары анықталды.
Байқаудың мақсаты — Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін, өңірдің жетістігін насихаттай отырып, журналистика саласына қолдау көрсету. Аталмыш байқауға республикалық, облыстық, аудандық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, штаттан тыс тілшілерден, 11 номинация бойынша жалпы 145 үміткердің жұмысы қабылданды. Мұнда материалдың өзектілігі, маңыздылығы, мазмұндылығы назарға алынып, қорытындыланды. Салтанатты шараға қатысқан Алматы облысының әкімі Амандық Баталов журналистер қауымының қоғамда алар орны зор екендігін айтып, шығармашылық табыс тіледі. Аталмыш сайыста «Баспа басылымның үздік дизайны, инфографика» аталымы бойынша газетіміздің дизайнері Айжан Сәдуақасова жүлделі I орынды иеленді. «Кезінде Міржақып Дулатұлы «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты»,-деп атап өткен болатын. Осыдан-ақ қоғам мен халық арасындағы дәнекер бұқаралық ақпарат құралдарының, «төртінші билік өкілдерінің» мән-маңызын байқауға болатын іспетті. Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып жүрген шығармашылық иелеріне жыл сайын мұндай құрмет көрсетілгеніне қуаныштымын. Қағаз бен қаламды жанына серік етіп, ақпаратты азық еткен жандарға қолдау көрсетіп, осынау шараны ұйымдастырушыларға және менің әр жетістігімде қасымнан табылған ұжымыма алғысымды білдіремін».
«Үздік желілік басылым» номинациясы бойынша
3-орын — «Қarasayinfo» желілік басылымы
2-орын — «www.7su.kz» облыстық «Жетісу» газетінің желілік басылымы
1-орын- «Огни Алатау» газетінің желілік басылымы
«Үздік облыстық Vlog (Алматы облысы бойынша бейне-блог) немесе (Үздік блогер») (Алматы облысы туралы пост) номинациясы бойынша
2-орын — Ханағат Нұрбол
1-орын — Дүйсенова Сандуғаш
«Үздік бейнеклип өңдеуші (монтаж) номинациясы бойынша
3-орын — Белов Александр – «Жетісу» телеарнасының видеоинженері
2-орын — Мұстафаев Данияр «Жетісу» телеарнасының режиссеры
1-орын — Хусаинов Шалқар «Жетісу» телеарнасының режиссеры
«Баспа басылымның үздік дизайны, инфографика» аталымы бойынша
3 орын — Жексимбекова Роза — «Жетісу» газетінің аға беттеуші дизайнері
2 орын – Мұраталинова Мөлдір – «Жетісу» газетінің беттеуші дизайнері
1 орын – Садуакасова Айжан –«Талдықорған», «Талдықорған ақшамы» газеттерінің дизайнері
«Үздік тілші» (аудан, қалалық баспа басылымдары) номинациясы бойынша
3-орын — Игіман Жомарт «Сарқан» газетінің бас редакторы
2-орын — Өмірбаев Асхат «Қаратал» газетінің бас редакторы
1-орын — Жұмабекова Зейнегүл «Жетісу шұғыласы» газетінің тілшісі
«Үздік республикалық (халықаралық) тілшісі Алматы облысы туралы ақпараттық материал) аталымы бойынша
3-орын — Платонова Анна — республикалық «Sputnik Қазақстан» ақпараттық порталында шыққан мақаласы үшін
2-орын — Қажет Андас — республикалық «Рухани жанғыру» журналында шыққан мақаласы үшін
1-орын- Сахариев Адильхан –«Хабар» арнасында шыққан «7 граней великой степи – новые сведения о золотом человеке» сюжеті үшін марапатталды.
«Үздік фотосуретші»номинациясы бойынша
3-орын — Батыршин Тимур — республикалық «Sputnik Қазақстан» ақпараттық порталында шыққан фотосуреттері үшін
2-орын — Мусабеков Жұмабай – «Жетісу» газетінің фототілшісі
1-орын -Ысқабай Женіс марапатталды.
«Үздік оператор» (бейнематериал) аталымы бойынша
3-орын -Байбосынов Мади «Жетісу» телеарнасының операторы
2-орын — Қазтұрғанов Қайрат — «Жетісу» телеарнасының операторы
1-орын — Қалиев Айдос – «Жетісу» телеарнасының операторы
«Үздік тележурналист» (жаңалық сюжет) номинациясы бойынша
3-орын — Аязбаева Назгүл – облыстық «Жетісу» телеарнасының редакторы
2-орын — Қабышева Самал – «31» арнаның Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі
1-орын — Айтқалиқызы Мадина — облыстық «Жетісу» телеарнасының редакторы
«Үздік журналист» (ақпараттық мақала) аталымы бойынша
3-орын — Дүйсенова Сандуғаш — республикасылық «Время» газетінің тілшісі
2-орын — Ақылбеков Азамат — облыстық «Жетісу» газетінің штаттан тыс тілшісі
1-орын – Әміреев Жұматай – «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары
Облыстық журналистика саласына қосқан үлесі үшін (ардагер журналист) номинациясы бойынша
Журналистика саласында 45 жыл еңбек еткені үшін, 10 мыңнан астам репортаж бен хабардың авторы, Қазақстанның кешегі және қазіргі телевизия тарихында табан аудармастан 25 жыл бойы жаңалықтар редакциясында репортер болып қызмет жасаған журналист, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, республикалық «Нұр-сұңқар» сыйлығының лауреаты, Алматы облысының Құрметті азаматы Тілеуқабыл Мыңжасар марапатталды.