«Дәрілерін мүлде ішпеген»: Руслан Өтепбай құлдықта болған қыздар жайлы тың ақпарат айтты

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
4472

Журналист Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған Назгүл бен Құндыздың жағдайын нақтылау үшін Таразға барды, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Журналисттің айтуынша, Құндыздың аяқ асты сырқаттанып қалуы оның уақытылы дәрілерін ішпей қалуы себебінен болған.

«Құндыз бен Назгүлге алаңдаған жандардың назарына… Құрметті оқырман, соңғы күндері қос қыздың жағдайы бәріңізді алаңдатып қойғанын білемін. Сондықтан күні кеше психотерапевт Санжар Тұрсынметовпен бірге Таразға барып қайттық. Бастысы, апалы-сіңлінің қазіргі жағдайы бірқалыпты. Тек Құндыз дәрілерін уақытылы ішпегендіктен, дәлірек айтсам, Алматыдан Таразға қоныс аударғалы мүлдем ішпегендіктен, денсаулығы сыр берген. Дәрігер Санжар Тұрсынметов қыздардың жағдайымен жақынырақ танысып, қазіргі қамқоршылары Зульфия ханымға орындалуы тиіс медициналық шараларды түсіндіріп берді», - деді журналист.

Руслан Өтепбай қыздардың заңды қамқоршысы болмағандықтан, оларды алып кете алмайтынын жеткізді.

«Сіздерді алаңдатқан екінші мәселе бойынша... Құрметті оқырман, мен бұрынғыдай қыздарды Алматыға әкеліп, жанымда ұстай алмаймын. Себебі олардың заңды қамқоршысы емеспін. Ал заңға қарсы шығу-қылмыс. Тек Зульфия ханым қамқоршылықтан бас тартқан жағдайда ғана, апалы-сіңлінің қамқоршысы бола аламын. Дегенмен бұл қыздардың жағдайын бақылап, хал сұрасып тұруыма кедергі емес. Әр айда бір рет барып қыздардың жағдайынан хабар алып тұрамын. Менен бөлек Мемлекет, яғни Тараз қаласының қорғаншы және қамқоршы өкілі де қыздарды өз бақылауына алады… p.s. Қыздарыңыз сіздерге дұғай-дұғай сәлем жолдап, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап жатыр!», - деді Руслан Өтепбай.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...