Серікбол ҚондыбайПері қыздары мен Жылан БабаларАрмян тарихшысы Моисей Каганкатваци (7 ғасырдың соңы)...
Мәлік Ғабдуллиннің соңғы шәкірті
Моңғолиядағы қазақ әдебиеттану ғылымының көшбасында тұрған жазушы, сыншы, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қабидаш Қалиасқарұлы 81 жасында дүниеден озды.
Қабидаш Қалиасқарұлының қазақ руханиятына сіңірген еңбегін сөз еткенде, Бай-Өлкедегі ат төбеліндей қазақтың ауыз әдебиетінен бастап, халық ақындарының жырларын жинауда, әсіресе, Ақыт қажының шығармаларын ел арасынан жинап, қажының аты аталмайтын уақытта "бір ақын айтыпты" деп жариялап кітаптарын бастырған ересен еңбегін бөлек атауға болар.
Сондай-ақ Моңғолиядағы қазақ әдебиетін зерттеп, зерделеп 5 томдық еңбек жазып, отандық әдебиеттану ғылымына өлшеусіз үлес қосқан ағамыздың еңбегі ұмытылмақ емес. "Мәдени мұра" бағдарламасымен жарық көрген "Бабалар сөзі" 100 томдық ауыз әдебиеті жауһарларын шығаруда Қабидаш Қалиасқарұлы жинаған әдебиет нұсқалары да пайдаланылған болатын.
- Қалиасқарұлы Қабидаш – 1938 жылы 18 қарашада Монғолияның Баян-Өлгей аймағының Ақкөл елді мекенінде туған. Орта мектепті аяқтап, Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтының тіл-әдебиет, тарих факультетін бітірген (1963).
- Моңғолия қазақтарының халық ауыз әдебиетін тұңғыш жинап, зерттеген ғалым.
- 1973 жылы – Алматы қаласының Қаз.ССР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кандидаттық диссертациясын қорғады.
- 1992 жылы – докторлық диссертациясын қорғады.
- 1963-1994 жылдар аралығында Баян-Өлгей қаласының қазақ орта мектебінің мұғалімі, КТМ-нің директоры, Аймақтық оқу бөлімінің меңгерушісі, МХР ҒА-ның Баян-Өлгей филиалы – Қоғамдық ғылымдар орталығының директоры болып істеді.
- 1994 жылы Қазақстанға көшіп келіп, Талдықорған қаласының І.Жансүгіров атындағы университетінде қызмет атқарып зейнетке шықты.
Қ. Қалиасқарұлының жарыққа шыққан еңбектері:
- Баян – Өлгий қазақтарының ауыз әдебиеті. Өлгий, 1969 ж.
- Халық жырлары. Өлгий, 1970ж.
- Халық ақындары. Өлгий, 197 ж.
- «Ахтан Бабиұлы». Өлгий, 1978 ж.
- Монголия қазақ әдебиеті - 2
- Монголия қазақтарының әдебиеті. Өлгий, 1993ж.
- Монголия қазақ әдебиеті – 3.
- «Жекпе – жек». Өлгий, 1993ж.
- «Ақыт Үлімжіұлы» (жыр, толғау, қисалар). Өлгий, 1994ж.
- Монголия қазақ әдебиеті – 1.
- «Халық жырлары». Өлгий, 1995ж.
- Халық жырлары. Өлгий, 1995ж.
- Монғолиядағы қазақ әдебиеті. Алматы, «Арыс» 2009ж.
- «Ақыт Үлімжіұлы» (өлең, толғау, жырлар). Павлодар, 2010ж.
- «Тұған елдің төсінде» (ногонорым менің). Талдықорған, 2012ж.
- Бабалар сөзі: Жүзтомдық. Монғолиядағы қазақ фольклоры №79 том, Астана: «Φолиант», 2011ж. – томды құрастырып, баспаға дайындаған.
Ағамыздың қазақ әдебиетіне сіңірген еңбектері жоғары бағаланып, Қазақстан Республикасының мынадай басты энциклопедияларына енгізілген:
- Қазақ Совет Энциклопедиясы - №6 том, Алматы, 1975ж., 425-426бет;
- Қазақ тілі энциклопедия - «IDK-TIPO» редакциялық-баспа орталығы, Алматы, 1998 ж., 221-бет;
- Қазақ әдебиеті энциклопедия - «Білік» Баспа үйі, Алматы, 1999ж., 398-бет;
- КТО есть КТО в Казахстанской науке - «Қазақ энциклопедиясы», Алматы, 1999ж., 75-бет;
- Қазақ әдебиеті – энциклопедиялық анықтамалық, А-Я, «Аруна» баспасы, Алматы, 2005ж., 311-бет
Әйгілі ғалым Мәлік Ғабдуллиннің соңғы шәкірті, саналы ғұмырын қазақ сөз өнеріне арнаған тұлға Қабидаш Қалиасқарұлының туған-туыстарына, шәкірттеріне қазаның арты қайырлы болсын деп көңіл айтамыз.
madeniportal.kz