Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова 8-22 қазан аралығында Англияның Мэн аралында өтетін FIDE Gr...
Алматыда IT-журналистика бойынша оқыту курстары аяқталды
Бүгін Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен өткізілген IT-журналистика бойынша оқыту курстарына қатысушыларға сертификаттар табысталды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Оқыту курстары IT саласындағы салалық журналистиканы дамытуға, БАҚ-та жариялатын материалдардың сапасын арттыруға, спецификалық терминологияны дұрыс түсіндіруге бағытталған.
Бес күн ішінде курсқа қатысушыларға дата журналистика, цифрлық сторителлинг, мобилография ерекшеліктері бойынша өзекті мәселелер түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушылар ХАТУ оқытушыларының жетекшілігімен практикалық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік алды. Оқыту курстары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.
Спикерлер ретінде Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері: «Медиакоммуникациялар және Қазақстан тарихы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, журналист, С.Ашенова.; «Компьютерлік инженерия және ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының сеньор-лекторы, АТ-маманы, Ерғали Дәулетбек; медиа саласындағы PhD, қауымдастырылған профессор, сценарист, журналист, С.Велитченко және басқалар сөз сөйледі.
Офлайн-форматтағы курстармен мемлекеттік және коммерциялық БАҚ-тың 30 өкілі қамтылды («Қазақстан» РТРК» АҚ, «Хабар» агенттігі» АҚ, «Қазақ газеттері», ЖШС, «Вечерний Алматы» газеті, «Адырна» ұлттық порталы, «Your Vision» блог-платформасы және т.б.). Онлайн-форматта 260-тан астам тыңдаушы қатысты. Курстар жазбасы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ресми парақшасында келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.youtube.com/playlist...
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандумның негізгі мақсаты - IT-саласында маманданған салалық журналистерді даярлау.