Ырысбек Дәбейдің «Жылқы атылған жаз» атты кітабының таныстырылымы өтті

ӘДЕБИЕТ
4342

 

Бүгін Алматыда ақын әрі жазушы Ырысбек Дәбейұлының «Жылқы атылған жаз» атты кітабының жұртқа таныстырылымы және соның аясында бірқатар әдебиет пен өнер саласының өкілдері арасында пікір алмасу талқы жиыны болып өтті. Жиынға арқау болған Ырысбек Дәбейұлының «Жылқы атылған жаз» атты еңбегі, былтыр өткен «Рух» халықаралық әдебиет байқауында, роман жанры бойынша бірінші орын жүлдеге ие болған шығарман. Жиналысқа қазақ әдебиетіндегі модернизм, пост-модернизмнің негізгі өкілі Дидар Амантай, Өмірбек Жұманиязов, Қойшыбек Мүбарак, Анес Бағдат, Қанағат Әбілхайыр, Тоқтарәлі Таңжарық қатарлы қазақ әдебиеті мен өнерінің белгілі өкілдері қатысты.

Қазақ әдебиетіндегі модернизм, постмодернизм жанрының негізгі өкілі Дидар Амантай әдебиет пен өнердің жаңа замандағы өміршеңдігін арттыру үшін шығарманың оқырманға жеткізудің жаңа тәсілдерін қолдану туралы өзінің ойларын айта келіп: «Қазіргі «арамтамақ» баспалар ақшаны алады, кітапты шығарып береді, бірақ оның таралуына, сатылуына жауап бермейді. Баспалар өзінде басылған кітаптың авторларына жарнама жасаса, қазіргі ақын-жазушылар эстрада мен шоу бизнестің жұлдыздарына кем болмайтын еді», – деді. модернистік бағыттың өкілі Дидар Амантай.

 Бүгінгі қазақ әдебиеті туралы сөзінде жазушы Дидар Амантай: «Қазір әдебиетіміз бірнеше бағытта дамып келеді. Ол солай болуға тиіс. Айталық, Қойшыбек Мүбарак магиялық бағытта жазады, айталық бір шығармасында үкімет бір үй береді, үйіне барып тұрайын десе, ол үйі аспанға ілініп тұр дейді, соған баспалдақ іздейді. Бұл да үлкен философиялық мәні бар шығарма деп ойлаймын. Ырысбек Дәбей классикалық дәстүрден бастады. Міндетті түрде оған модернистік немесе пост-модернистік бағытқа ауысудың қажеті жоқ. Себебі, қазақ әдебиетіне дәстүрлі проза мен поэзияда керек. Кейбіреулер бірі шықса екіншісіне орын табылмайтындай көреді, меніңше бәрі де сиятын үлкен әдебиет кеңістігі бар Қазақстанда», – деді. Қазақстан Суретшілер Одағының төрағасы Өмірбек Жұманиязов қазіргі кезде өнер мен әдебиет өкілдері арасындағы қарым-қатынастың үзіліп қалғанын, керісінше  әдебиет пен өнер өкілдері шығармашылық ой алмасып, бір-бірінің шығармасына түрткі болып отырса бұл ұлт мәдениетіне тың серпін беретінін алға тартты. Бұған қоса, Өмірбек Жұманиязов суретшілерге жасалатын мемлекеттік қолдаулар, стипендия және тапсырыстардың тіпті де аз екенін айтты.

Жазушы әрі ақын Ырысбек Дәбейұлының «Жылқы атылған жаз» атты кітабының көпшілікке таныстырылымы, бұған дейінгі қалыптасқан үрдістерден бөлек жаңа форматта өтті. Шараның басты ерекшелігі бір ғана әдебиет емес, бейнелеу өнері, драматургия, әдебиеттегі түрлі бағыттардың өкілдеріне ортақ талқы кеңес болды. Соған қоса, қаламгерлердің жазумен қатар шығармасын аудиторияға жеткізе білудің тәжірибелері ортаға салынды. 


“The Qazaq Times”

author

Дидар Амантай

ЖАЗУШЫ

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...