Қазақстанда той өткізуге тыйым салынды

Жаңалықтар
2879

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында той-томалақ өткізуге тыйым салынды. Бұл тыйым туралы Президенттің төтенше жағдайдың жарияланатыны туралы Жарлығында жазылған, деп хабарлайды "Мәдениет порталы"

«Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынсын», - делінген Президенттің Жарлығында. Айта кетсек бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа ҚР Президенті қол қойды. Жарлыққа сәйкес ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы тоқтатылып, Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленді.

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...