Алматы облысында тауға шыққан 11 жасөспірім адасып кетті

ҚР ТЖМ

Жаңалықтар
415

Бүгін Алматы облысының Турист шыңында (3954 м) құтқарушылар адасып кеткен 11 жасөспірімді аман-есен тауып алды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

ТЖМ мәліметінше, кеше таңертең жастар қар аралас жаңбырға қарамастан тауға шығып кеткен.

Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кинологиялық қызметпен бірлесіп тауға шығып, топтың бес мүшесін тапты.

Құлаған тастан жарақат алған жасөспірімге дәрігерге дейінгі көмек көрсеткеннен кейін құтқарушылар туристерді төмен түсіріп, әрі қарай тексеру үшін медицина және апаттар орталығының мамандарына тапсырды.

Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кинологиялық қызметпен бірлесіп тауға шығып, топтың бес мүшесін тапты. Құлаған тастан жарақат алған жасөспірімге дәрігерге дейінгі көмек көрсеткеннен кейін құтқарушылар туристерді төмен түсіріп, әрі қарай тексеру үшін медицина және апаттар орталығының мамандарына тапсырды, - делінген мәліметте.

Көп ұзамай құтқарушылар қалған жасөспірімдерді де тапқан.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...