Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1943 жылы Мәскеуде, Совет Одағы жазушыларының кешінде сөйлег...
Сиам егіздері һәм Сәбетбайдың ұлдары
Ерте-ерте ертеде Сәбетбай деген шал өмір сүріпті. Оның төрт әйелінен он бес ұлы болыпты. Бәйбішесінен Орысбай атты жалғыз ұл, кіші бәйбішесінен Беларыс, Үкірайна, Ләтіп, Литіп, Естен, Молдабан атты арыстай алты ұлы, үлкен тоқалынан Гүржан, Арымжан, Әзірбайжан атты үш ұл, кіші тоқалынан Өзбекбай, Тәжікбай, Қырғызбай, Түрікпен, Қазақбай атты тағы бес ұл сүйіпті.
Бекен Қайратұлы
Содан күндердің күні болғанда шалдың қаһарынан қорқып Қазақбай өрістегі малын, бойындағы жанын ортаға салып жіберіп, мешін жылы туғанда аштықтан көзі қарауатып жығылыптты. Оны Орысбай ағасы ендігі өліп қалған шығар, көмейін деп жатқанда, кірпігі қозғалыпты. Су ішерлігі бар екен бір аяқ, бір қолдан жан кетіп әйтеуір тірі қалыпты. Осы аурудан кейін Қазақбай байғұстың тілі күрмеліп, ұғылмайтын, ағасына еліктеп орысша сөйлеп, самогон ішетін әдет тауыпты ( қайғысын басқысы келген шығар). Осылай он бес ұлы ер жетіп, салтанаты артқан Сәбетбай шал бұрынғы сақалына сары шіркей ұялаған күнін ұмытып, алыс – жуықтағы көрші қоландарға әкреңдейтінді шығарыпты.
Бір күні батыстағы Керман ауылының жігіттері аттарына мініп, сойыл шоқпарларын жаландатып: «Тап әкенді … Сәбетбай қақбас, сенің көзіне шел бітейін деген екен. Он бес ұлыңмен қосып ат құйрығына сүйретіп өлтіреміз» – деп Сәбең ауылына тұтқиылдан тиісіпті. Шал да қарап қалмай он бес ұлына «Аттан» салыпты. Жан беріп, жан алысқан алапат шайқас басталыпты. Осы майданда Қазақбай Кермен ауылынын бір неше батырларымен жекпе – жекке шығып, оны мен қоймай Сәбетбай шалдын ордасына басып кіреген жауларды түре қуып асса ерлек көрсетіпті. Он бес ұлдың арқасында Сәбең ата жауын жеңіп, жайратып салыпты. Мәртебесі одан сайын арта түсіпті. Мейманасы асып ат жетер жерге менің үкімімді тыңдасын деп кеуде соғыпты. Шалдың бұл қылығы сонау қиыр жатқан Әмерикан мырзаға ұнамай, Ол: «Сәбетбай бет алды оттамасын!» – деп бір тойда айтып салыпты. Оған ашуланған Сәбетбай шал бәйбішеден туған ұлдарын шақырып алып: «Давай, ананы қорқытатын қару жасандар!» – депті. Ұлдары: «ол қауіпті ғой, оны қалай сақтаймыз, қайда қоямыз» – десе, шал: «басымды ауырпандар, Қазақбайдын үйіне апарып сақта, сонда сына, өзі дімкәс неме өлсе өле берсін!» – деп, ақырыпты.
Қаһарлы қарияның сөзін бұлжытпайтын ұлдары алапат қару жасап Қазақбайдың ауылына әкеп, тарыс-тұрыс жарып әлемнің зәресін ұшырыпты. Үрейленген Әмерикан мырза да қарап жатпай қанатты оқ ойлып тауып «келсен кел» деп шіреніпті. Сәбен қария тәубесін жиып тастап, көптің көзінше қарсы келгенді тілдеп, айтқанымен жүрмеген кейбір көрші қолаңдарға қамшы үйіріп, жігіттерін жіберіп үйір – үйір жылқыларын айдатып алатынды шығарыпты.
Күндердің күні болғанда, күнәсі әбден толғанда. Мешін жылы 74 жасында Сәбетбай шалды жазылмас дерт мендеп, ісіп – кеуіп жатып қалыпты. Шалдың жаназасына қатысып, дұға жасайық деп он бес ұлы алақотан отырыпты. Сол жылдың қоңыр күзінде қарияның науқасы күшейіп, әне – міне күп етіп жарылып кетуге шақ қалыпты. Содан бір күні қан – жын, нәжісін шашыратып жарылып кетіпті. Сұмдық алапат иіс шығып, бүкіл әлем аузы мұрыннын бітепті. Әрең шыдап отырған ұлдары жан – жаққа тұра қашыпты. Топырақ салуға жарамай бет – бетімен кетіп мал семірген қоңыр күзді пайдаланып жеке – жеке туларын тігіп той жасапты.
Сорлы Қазақбай болса көппен бірге қаша алмай қалып (баяғы мешін жылғы жабысқан дерттен кейін кемтар болып қалған ғой) қақбас шалдың шашыраған нәжісі түгелімен басына төгіліпті. Сол түрімен ел көзіне көрінуге ұялып әбден қыс түскенде әрең тазаланып, желтоқсан айының ортасында ол да туын тігіп, жеке шығыпты. Шығуын шығып алса да шалдың шаңырағын иеленіп қалған Орысбай ағасының қабағына қарай – қарай әйтеуір ел қатарына қосылыпты. Кейбір: «басқасы басқа тап осы Қазақбай үй бола алмайды» дегендердің. Өзі «молодец» деп мақтапты. Еркіндік не істетпейді десенізші. Бұрын шалдың қаһарынан жасқанып өз мүлкіне өз билігі болмай келген Қазақбай, ой шіркін қолындағы барын сатсын келіп. Бір шиша араққа, бір қой. Баспа – бас, бартер… әкесін танытыпты. Айтпақшы Қазекенің әйелі толғатып егіз ұл туыпты. Мына қызықты қараныз онысы – сиям егізі екен. Біреуінің шашы сары, екіншісінің шашы қара екеуі екі тілде сөйлейді. Бірі -орысша, екіншісі – қазақша. Құдайдың құдреті – ай деген, олар бір – бірінсіз өмір сүре алмайды. Операция жасап ажыратуға тағы болмайды.
Іштен шыққан ұрпағын далаға тастайтын емес, Қазақбай балаларының қамын ойлап, хат – хабарды екі тілде жазып, жиналыс болса екі тілде сөйлеп, басқалар бір кісілік есіктен кірсе, ол екі кісілік есік жасап (балалары қатар кіру үшін) дегендей екі төсек, екі көрпе екі үй… өмір сүріп жатса керек.
Ұзан құлақтан естуімізше Қазақбайдың жаңағы сиям егіздерінен енді қандай бала туады, бірін – бірі сүйретіп қашанға дейін өмір сүреді, деп әлем тандана қарап отырған сияқты.
Шынында қандай бала туады екен?
Бекен Қайратұлы