Қазақстанның екі театры ТМД бойынша үздік бестікке енді

ТЕАТР
1080

ТурСтат порталы көрерменнің сұранысын, театр сайттары мен әлеуметтік желілердегі онлайн-трансляцияларды зерттей отырып, ТМД-дағы үздік театрлардың рейтингін жасады.

Портал тізімді 15 сәуірдегі Халықаралық мәдениет күніне орай жасаған. ТМД-дағы үздік ондыққа: - Мәскеудегі Ресейдің Мемлекеттік академиялық үлкен театры - Минсктегі Беларусь Үлкен театры - Алматыдағы Абай атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театры - Нұр-Сұлтандағы «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры - Бакудегі М.Ф. Ахундов атындағы Әзербайжан Мемлекеттік академиялық опера және балет театры - Еревандағы А. Спендиаров атындағы Армян академиялық опера және балет театры - Ташкенттегі Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан Мемлекеттік академиялық үлкен театры - Кишиневтегі Мария Биешу атындағы Молдова Республикасының Ұлттық опера және балет театры - Бішкектегі академиялық опера және балет театры - Душанбедегі Садриддин Айни атындағы Тәжік мемлекеттік академиялық опера және балет театры енген. 

Рейтинг театрлардың танымалдығы мен онлайн-трансляцияларын зерттеу қорытындысы бойынша жасалған.

ӘДЕБИЕТ

Исина Бақытжан Қапанқызы, Қарағанды қаласы  химия-биология бағытындағы  Назарбаев Зи...

Жаңалықтар

Алматыда теміржол рельстерін ұрлап, сатып жіберді деп күдікке ілінген айыпталушыға қатысты сот үкімі...