«WideWorld» - «Ұлы Дүние» І халықаралық ерекше театрлар фестивалі

ТЕАТР
1458

4-6 шілде күндері Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және «ActivLife» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 4-6 шілде аралығында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған «WideWorld» - «Ұлы Дүние» І халықаралық ерекше театрлар фестивалі өтіп жатыр. 

Аталған іс-шараға Ресейдің Мәскеу қаласынан «Недослов» театры, Санкт-Петербург қаласынан «Санкт-Петербург» саңыраулар театры және Украинаның Киев қаласынан саңыраулар қоғамы өнер орталығының «Радуга» ым-ишарат театры өз қойылымдарын көрсетеді. 

«WideWorld» - «Ұлы Дүние» I Халықаралық ерекше театрлар фестивалінің БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 4 шілде күні 17.30-да  Оқушылар сарайының «Конференц залында» ұйымдастырылған еді. 

 Фестивальдің ашылу салтанатында Қазақстанда тұңғыш рет құрылып отырған «ActivLife» саңыраулар театры көрерменге «Қызыл алма» қойылымын тарту ететін болады. Ым-ишарат, пластикалық қойылым, би өнері арқылы көрсетілетін бұл театрлардың ерекшелігі сан алуан. Қойылымдар комедия, драма және трагедия жанрларында ұсынылады.


 Халықаралық фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздарға жүлделі орындар, диплом-алғысхаттар және бағалы сыйлықтар табысталады.


Спорт

Бүгін Париждегі жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде басталады. Нақтырақ айтсақ, бүгін дзюдо, бо...

Қазақстан

Алматыда Әуезов ауданында жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Алтынсарин даңғылындағы уч...