Танымал кеңес актері Андрей Мягков қайтыс болды

ТЕАТР
1265

Белгілі театр және кино актері Андрей Мягков 83 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Чехов атындағы Мәскеу көркем театры баспасөз қызметі естіртті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Андрей Мягков

Театр және кино актері, режиссер, РКФСР Халық әртісі Андрей Васильевич Мягков 1938 жылы 8 шілдеде Санкт-Петербургте дүниеге келген.

Актер 1975 жылы Эльдар Рязановтың "Ирония судьбы, или С легким паром" фильмі шыққаннан кейін танымалдылыққа ие болған. Сондай-ақ, Мягков Рязановтың "Служебный роман" (1977) комедиясындағы Новосельцевтің ролімен көрермендердің есінде қалды.

Мягковтың кинодағы соңғы жұмыстарының бірі - Сергей Овчаровтың "Сказка про Федота-Стрельца" (2001) фильміндегі патшаның ролі, "32 декабря" кинокартинасындағы басты роль және басқалары. Ол Тимур Бекмамбетовтың "Ирония судьбы. Продолжение" және Евгений Герасимовтың "Туман рассеивается" сериалына да түсті.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...