Сұраған Рахметұлы. Бір күнде өлген үш тағдыр

ТАНЫМ
10816


Моңғолияның Үкіметбасшысы маршал Хорлоогийн Чойбалсан мен Шығыс Түркістан ұлт-азаттық күресінің басқолбасшысы Оспан батырдың келісіміне қатысушылардың ақыры.

1943-1944 жылы батыс шекарада болған оқиғаларға қатысқан, Шығыс Түркістан ұлт-азаттық күресінің басқолбасшысы Оспан батыр Ілсәмұлымен маршал Чойбалсанның кездесуінде тікелей міндет атқарған тұлғалар Мәрден Маңғұлұлы және Қамқаш Исаұлы. Осы кездесуді тікелей бақылауында ұстаған Американың дипломаты Дуглас Маккернандар еді.

Оспан батыр 1951 жылы 4-айдың 29-ы:

Маңғұлұлы Мәрден 1951 жылы 4-айдың 29-ы:

Дуглас Макернан 1950 жылы 4-айдың 29-ы күндері шейіт болған!


МӘРДЕН (МАРДАН) 1911-1951.04.29

суретте: Мәрден Маңғұлұлы мен жұбайы Нұржамал Ақылбайқызы


Ғұмырнамасынан:

Мәрден Маңғұлұлы 1911 жылы  Өр Алтай жерінде туған. Мәрденнің бес жасында шешесі Нұрқақызы Мүкәрия 1916 жылы қыста дүниеден өтеді. Мәрден асқан зерек, алғыр ойлы азамат ақын жанды болып өседі. 

Көзім жасы Алтайдың бұлағындай,

Жетім қалдым серкештің лағындай.

Бес жасымда шешемнен айыратын,

Көз жасымды көрмеген құдайымды – ай! деп жырға қосқан дейді.

Мәрденнің руы Он екі Керейдің ішінде Жәнтекей – Атантай. Сәменбет - Атантай – Ақжігіттің кенжесі Маңғұлдың кенже баласы. 

Атантайдан – Ақжігіт (1760 – 1863) кенже. Ақжігіттен Маңғұл кенже. Маңғұлдан Мәрден кенже. Ақжігіт шамамен 1863 жылы 103 жасында дүниеден көшіпті. 

Ақжігіттің 6 ұлының бүтін бөлігінің бүгінгі таралуы. Ақжігіттен Бекенай, Бек, Момын, Мүкен, Елен, Маңғұл (1825-1915) бабамыз. Маңғұл екі әйел алған. Маңғұл атамның бәйбішесі Шеруші Көбегенқызы Баршадан екі-үш қыздары болған, үлкен қызы – әйгілі Тұяқұлы Бүркітбай батырдың ұлы шешесі. Екінші қызы – Жәдік «қара» Оспанның ауылында Қылыш дегенге барған. Кенже қызы Рәбиза Маңғұлқызы (1903 ж.ө.)Молқы Қошақ Дәкібайұлы Байпаққа барды. (Бұл дерек 1988 жылы 86 жасында Дэлүүнде дүниеден өткен Байпақұлы Солақайдан алынған еді. Солақай марқұм шешесі Рәбизадан 3 жасында қалған).

Маңғұлдың кіші әйелі молқы – Қайып - Нұрқақызы Мүкәрияні 70-ке қараған шағында айттырды дейді. Осы Мүкәрия апамнан Адырхан, Қайдар, Мәрден туады. Атантайдың қарашаңырағы Маңғұлдың кенже баласы Мәрденде еді. Қазіргі Қайдарұлы Тілейхан отырған қарашаңырақ. Бұл аса киелі ұя, ұлы шаңырақ. Маңғұл бабамның кіндігінен Адырхан (1890-1965), Қайдар (1900-1973), Мәрден (1911 – 1951). Қызы: Мүлгісін. Молқы - машан Көпжасардың баласына айттырған. Маңғұл 1825 ж. Өр Алтайда дүниеге келген. Көп жасап 1915 жылы Мәрденнің 4 жасында 90 жасында ШҰАР-ның Богда деген жерінде дүние салған дейді.  «Жа лама айдаған» (1914) кезде Шүй арқылы Моңғолиядан Алтай жеріне қайта өткен секілді. Адырханның бәйбішесі Молқы Көпжасарқызы Зәлиман. Баласы: Батай (1923 – 1965).  Қайдар атамның бәйбішесі Мағырипа Шегірткеқызы (1916 -1989). 

Балалары: Дәлелхан, Әлейхан, Тілейхан. Қыздары: Тәкенай, Құпай (Мерһаба), Күнішай, Күнай. Дәлелханнан Ержан. Әлейханнан Күнтуған, Нұртуған, Айтуған. Тілейханнан Нұрлан, Нұрмұхан, Ерлан, Бекжан.

Мәрденнің бәйбішесі: руы молқы машан Әсімқызы Зылиқа (Шәкім). Кіші әйелі: руы шеруші - Ақылбайқызы Нұржамал (1917-2002.03.11). Қыздары: Самалхан, Жазира, Бұлбұл, Тонай.

Мәрден Маңғұлұлы туралы көп адам білмейді, білетіндері өмірден өткен. Армия генералы Батын Доржның «Эх орныхоо төлөө цохиолох зүрх»(1981) деген кітабында бірнеше жерде атқарған міндеті бағаланып, аты аталады. Моңғолияның Қорғаныс Министрі, Қарулы күштердің ең жоғарғы лауазым иесі жүрген тұлғаның бір сөйлемінің өзі алтынға бергісіз құнды. Армия генералы, кезінде батыс шекарада аса маңызды міндет атқарған тарихи куәгер Батын Доржның бүркеншік аты «Мажиг». Батыс шекара Қорғау басқармасының бастығы жүрген тұлғаның шекара тарихына қатысты тарихи жазбаларында көп жағдайлар жазылмай да қалуы мүмкін. Алайда 1940 жылдан бастап Ішкі Істер Министрлігіне қарасты Шекаралық және Ішкі қорғаныс орнына қарасты Ховд аймақтық бөлімінің өкілі шекара офицері капитан Мәрден Маңғұлұлы туралы нақты деректер қалды. Дерек қандай бір тарихшының, көркем туындының арқауынан емес Моңғолияның қаһарманы (Улсын баатар), Қорғаныс министрі армия генералының өзінің кітабында, өз қолымен жазылып отыр. Тайға таңба басқандай. 

Моңғолияның Үкіметбасшысы маршал Хорлоогийн Чойбалсанның тапсырмасы бойынша Шығыс Түркістан ұлт-азаттық күресінің басқолбасшысы Оспан батырмен кездесуді ұйымдастырған кезде тұңғыш рет басын өлімге тігіп барған екі тұлға: Мәрден Маңғұлұлы, Қамқаш Исаұлы дейді. Бұл Батын Доржның өз сөзі. Қамқаш Исаұлының есімі Қамбар-Жақып, бүркеншік есімі - «Тауық».

Мәрден Маңғұлұлының батыс шекарадағы қызметі – Моңғолдың батысында сол кездегі генерал Батын Дорж, Ішкі Істер Министрлігіне қарасты Мемлекеттік Қауіпсіздікті Сақтау орнының бастығы полковник Бүтэмжийн Дүйнхоржав (бүркеншік аты Жамба), Энхбилэгтийн Гэрэлчулуун, (бүркеншік аты Дэмбрэл), Батжаргалын Дүгэр (хасаг толгой), Баатарын Чулуундай, Батбаярын Дүгэрлермен бірге міндет атқаруымен жалғасты. Кезінде олардың түгелі Мәрден (Мардан) – мен етене таныс, үзеңгілес дос болған. Мәрден орысша да әжептәуір білетін еді дейді. Ол, осы тарихи жолында: Шекара қызметіне кеңесшілік еткен КСРО генералдары  Ф.С. Попов (бүркеншік аты Петров), П.П.Пахомов, В.Ф.Артманов  қатарлы және Кеңестік әскери барлаушы тұлғалармен де бірге міндет атқарды. 

Оспан батырға екі-үш мәрте ресми хат жеткізген Исаұлы Қамқаштың шекара өңіріндегі қауіпсіздігіне жауапты Мәрден Маңғұлұлы екенін бүгін жеріне жеткізе айтпай келді. Шекара офицері Мәрден туралы МХР-дың қаһарманы армия генералы Батын Доржның – «Эх орны төлөө цохилох зүрх» (1981 жыл. 188 б.) тарихи еңбегіне нақты деректертік негізде енгізілуі – осы тұлғаның өте маңызды міндет атқаруын айғақтаса керек. Осы кітаптың 83-ші бетінде: – «Оспанмен кездесіп байланыс жасауды Өкімет бізге тапсырды. Бұл іс әрекетті қолма-қол ұйымдастыруды Ішкі Істер Министрінің орынбасары полковник Бүтэмжийн Дүйнхоржав жауаптанды...». «...Оспанға нешеме мәрте елші жіберіп едік бәрі де сәтсіз болды. Оспан бастабында бізге сене қоймады.Біздің өкімет онымен екі жақты келісім жасауға мүдделі еді. Біз де алған беттен қайтпадық. Ақыры азаматтардың тыңғылықты әрекеттерінің нәтижесінде Оспанмен келісімге келудің сәті түсті. Бұрынғы жіберген елшілеріміз жағдайды толық қанымдауға мұршасы жетпеді. Оспанға жағдайды дұрыс түсіндіре де алмаған. Біз жан-жақты сөйлесу арқылы Баян-Өлгий аймағының Дэлүүн сұмыны тұрғыны Исаұлы Қамқашты таңдап 1943 жылы 9-айдың 7-сі күні жетек атпен оны Шағанғолдағы Оспанның қосынына аттандырдық...» Бұл оқиға туралы жазылған тарихи еңбектердің ішінде полковник Бүтэмжийн Дүйнхоржав туралы бір деректе:

1940-өөд оноос Шинжааны хятад бус үндэстний дотор Гоминьданы Хятадын дарлалыг эсэргүүцсэн эрх чөлөөний хөдөлгөөн өрнөж байсан боловч их үндэстний бодлого, улс төр, эдийн засгийн шахалт хавчилтаас болж, БНМАУ-ын баруун хилийн чанадад Оспаны толгойлсон зэвсэгт бүлэг казахын ард түмний тэмцлийн арга барилд шилжин, манай улсын баруун хилд халдан цөмөрч удаа дараа хилийн будлиан өдөөх явдал 1943 оноос ихээхэн идэвжсэн юм.

Эдгээр нөхцөл байдлаас үндэслэн Шинжааны хятад бус үндэстний эрх чөлөөний хөдөлгөөнийг нарийвчлан судлах, тэдний толгойлогчтой холбоо тогтоох, дээрэм тонуул хийх, хил зөрчих явдлыг зогсоох нөхцөлийг бүрдүүлж зохион байгуулах ажлыг Б.Дүйнхоржав хариуцаж, 1943 оны 10 дугаар сард Ховдын хязгаарт очиж 3 cap ажилласан байна.

1943 жылы 30-шы маусымда маршал Х.Чойбалсанның тапсырмасы бойынша сол кездегі Ішкі Істер министрі Б.Шагдаржав Оспанмен байланыс жасауға полковник Б.Дүйнхоржав және КСРО өкілі барлаушы П.П.Пахомовтарды жіберді. Сонымен 1943 жылы 10 айда П.П.Пахомов, Баян-Өгийдегі кеңесші Оңғарбаев, Ішкі Істер бөлімнің өкілі Мәрден қатарлы құзыретті топ Оспан және оның көмекшілерімен алғашқы кездесу өткізді.

Осы екі дерекке қарағанда 1943 жылы 9-айдың 7-сі күнгі Исаұлы Қамқаштың Оспанға баруы, 1943 жылы 10 айдағы тұңғыш кездесулердің бәрі Дэлүүндік екі азамат Исаұлы Қамқаш пен Маңғұлұлы Мәрденнің тура қатысуымен өткендігі дәлелденіп отыр.

1943 оны 6 дугаар сарын 30-нд маршал Х.Чойбалсан,  ДЯЯ-ны сайд Б.Шагдаржав нар И.Оспантай холбоо тогтоохоор Б.Дүйнхоржав, П.П.Пахамов нарыг баруун хилд томилохдоо өгсөн зааварт: «Шинжааны нутагт ажиллах нөхцөл бололцоог судлах, тагнуулчдыг суурьшуулах, хасгийн босогчидтой холбоо тогтоох» үүргийг хүлээлгэсэн бөгөөд үүний дагуу тагнуулын шугамаар хэд хэдэн удаагийн судалгаа явуулж, авсан мэдээ сэлт зэрэгт тулгуурлан шийдвэр гаргаж, Оспантай бие холбоо барьж, зөвлөх П.П.Пахомов, Баян-Өлгий аймгийн Дотоодыг хамгаалах хэлтсийн сургагч Онгорбаев, төлөөлөгч Мангыл овогтой Мардаан нарын бүрэлдэхүүнтэйгээр 10 дугаар сарын сүүлчээр Оспан, түүний зарим шадар хүмүүстэй анхны уулзалтыг хийж амжсан байна.

Тэдэнтэй нэг биш удаа уулзаж харилцан ойлголцсоноор аль аль талдаа аюул занал учруулахгүй байхын хамт манай талаас тэдэнд бололцоотой тусламж дэмжлэг үзүүлэх зэргийг тусгасан товч хэлэлцээр байгуулж, гарын үсэг зурсан бөгөөд үүнээс хойш баруун хилийн байдал харьцангуй тайван болж, Шинжааны нутагт амьдарч байсан хэдэн зуун хүн ам, мал, хөрөнгө бүхий торгууд айл өрхийг тэдний санал хүсэлтийн үндсэн дээр нүүлгэн ирүүлэх ажил амжилттай болжээ.

Осыдан артық қандай баға, бұдан өзгеше нендей бір дәлелдің болуы мүмкін?!. Мәрден (Мардан) мен Қамқаштың батырлығын Армия генералы Батын Дорж, Ішкі Істер министрінің орынбасары, Мемлекеттік Қауіпсіздікті сақтау орнының бастығы, полковник Бүтэмжийн Дүйнхоржав (Б.Дүйнхоржав 1944 жылы генерал майор, Ішкі Істер министрі 1949-1951 болған) қатарлы тұлғалар қатар бұлтартпас деректермен дәлелдеп отыр.

Мәрден Маңғұлұлы 1944 жылы наурыздың 5-6 жаңасында батыс шекара Ховданың Бұлғын сұмынындағы – «Алагтолгой», «Майхан хар»-да өткен үш елдің яғни Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының Басқолбасшысы Ісләмұлы Оспан батырмен кездесуді ұйымдастырған кезде тарихи міндет ақарған әскери мамандар алғы қатырында жүрді.

Оспан батырмен маршал Чойбалсанның кездесуіне келген генералдар кездесудің маңызын өте жоғары бағалаған. Мәрден осылардың барлығын көрген, қазақтарға тілмаш болған тұлға. 

Тарихи «Алагтолгой» кездесуіне қатысқан тұлғалардың бірсыпырасы төмендегідей:

Оспан батырмен кездесуге келген КСРО өкілдері:

И.А.Иванов – Моңғол еліндегі КСРО елшісі, КГБ генерал полковнигі. М.П.Ковалев – Байкал-әскери округінің командирі, генерал полковник.  

И.Г. Рубин (Иосиф Григорьевич) – Әскери Министрінің Кеңесшісі, КГБ генералы.  Лампанг – НКВД-барлау бөлімінің бастығы, генерал майор.  В.В.Гриденев (Вячеслав Василевич)– Ішкі Істер Министрінің кеңесшісі, генерал майор. Ф.С.Попов – Ішкі Істер Министрінің орынбасарының кеңесшісі, генерал майор.

Баян-Өлгий және Ховда аймақтарынан:

Шымшырұлы Ноғай – Аймақтық партия комитетінің бірінші хатшысы, шекарашыларға көмектесуші топ бастығы. Орынұлы Халхабай – Ішкі Істер бөлімінің бастығы. Оңғарбаев Жағыпар – Ішкі Істер бөлімінің кеңесшісі, Казақстан азаматы. Тоқтағанұлы Ыбырай – Сыбызғышы Базарқұл – Қотырақ Айтқұл-Елешұлы Тоқтағанның баласы. (1869-1957). Маңғылұлы Мәрден – (шекара офицері). 

Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының басқолбасшысы Оспан батырмен кездесуді ұйымдастыруға тікелей міндет атқарған әскериліктер жөнінде армия генералы Батын Дорж: – «Күрделі кезеңде кездесудің сәтті болуына полковник Б.Дүйнхоржав, майор Д.Сампил, под полковник С. Ламжав. Э. Гэрэлчулуун, капитан Ц. Уртнасан, М. Мардандар ерекше міндет атқарды...» (Б.Дорж Эх орныхоо төлөө цохилох зүрх» 1981 он.84 бб.)

 (...Дайны хүнд үетэй давхцан манай улсын баруун хил дээр бий болсон зэвсэгт түрэмгийллийн аюулыг нэг хэсэг хугацаанд ч гэсэн зогсоож чадсан далайцтай үйл ажиллагааг үр дүнтэй хэрэгжүүлэхэд хурандаа Б.Дүйнхоржав, хошууч Д.Сампил, дэд хурандаа С. Ламжав, Э. Гэрэлчулуун, ахмад Ц. Уртнасан, М. Мардан нар ихээхэн үүрэг гүйцэтгэсэн билээ...) (Б.Дорж Эх орныхоо төлөө цохилох зүрх» 1981 он.84 бб.)

Батын Дорж сексенінші жылдарға дейін Мәрденнің жұбайы Нұржамал апамен хабарласып, хал жайынан хабардар болғанын апамыз өзі айтқан еді. Мәрденнің атына 1951 жылы қаңтардың 26-сы күні Б.Дүйнхоржав генералдан келген хат сақтаулы тұр. Мұнда: «Сіздің Министрдің атына жазған хатыңыз қолдау тапты, таныстырылды...» деген сөйлеммен аяқталған.

суретте: маршал Хорлоогийн Чойбалсан,Оспан батыр Ісләмұлының артқы жағында А.И.Иванов, И.Г. Рубин және тілмаш офицер Мәрден Маңғұлұлы. (Бұл кескін Ч. Раднааның жеке парақшасынан алынды)


Армия генералы Батын Дорж (Мажиг)

«1940-1948 онд Гоминдаан, Оспаны зүгээс баруун ба баруун өмнөд хилээр манай улсад халдан цөмөрч улмаар түрэмгийлэлээ өргөжүүлэн тэлэхээр зэхэж байсан үед «Мажиг» гэдэг нууц нэртэйгээр баруун хилд очиж байлдааны ажиллагааг удирдсан. Хилийн цагийн байдалд тохируулан шийдэмгий, шуурхай ажилласны дүнд дайны байдалд хүргэхгүйгээр Монгол Улсын хил хязгаарын аюулгүй байдлыг хангаж чадсан бөгөөд тэр ажиллагаа нь генерал Батын Доржийн стратегийн мэдрэмж, удирдан зохион байгуулах авьяас чадварын цар хүрээг тод харуулсан. Тэрбээр 1943-1944 онуудад Оспантай Маршал Х.Чойбалсанг Ховд аймгийн Булган сумын Алагтолгойд, Булган голын Майхан толгойд, өөрөө биечлэн хэд хэдэн удаа уулзуулж харилцан найрамдалтай байх нөхцөл бүрдүүлсэн...»

1940 жылы Шекара және Ішкі Әскері іс Басқару Орнының бастығы, Ішкі Істер Министрінің Әскери Ісі бойынша орынбасры генерал Батын Дорж (1940 онд Хилийн ба Дотоодын Цэргийн ХЭГ-ын дарга, ДЯЯны Цэргийн хэргийг эрхлэсэн орлогч Сайд)


Моңғолияның Ішкі Істер министрі Бүтэмжийн Дүйнхоржав

Бүтэмжийн Дүйнхоржав 1913 жылы бұрынғы Сэцэн хан аймағы Хурц вангийн хошуу, қазіргі Сүхбаатар аймағы Эрдэнэцагаан сұмын өлексінде туған.

1930 жылдан Эрдэнэцагаан уулын хошууны мөр басқару орнында бітікші, Баянцагаан, Хулстай сұмындық әкішілікте хатшы, 1934 жылы әскер қатарына алынған. Бүтэмжийн Дүйнхоржав 1936-1949 жылдары ІІМ-де Қауіптен сақтау бөлімінде басшы,орынбасар, 1949-1951 жылдары Ішкі Істер Министрі, генерал майор.

МАҢҒҰЛҰЛЫ МӘРДЕНГЕ БЕРІЛГЕН ЕЛДІК СЕНІМДЕР

93916346_231397904608688_4425962007526637568_n.jpg93930459_2566431323625422_2585828010229760_n.jpg

Ішкі Істер министрлігінің «Құрмет белгісінің» куәлігі

1934 жылы 9-айдың 16-сы күні МХР-дың Ішкі Істер министрлігі қызметкері Марданға берілген «Құрметті чекист» куәлігі №171 санды төс белгімен берілді. ІІМ министрі генерал майор.... (қолы)


Дотоод Явдлын Яамны (ДЯЯ) хүндэт тэмдгийн үнэмлэх 

1934 оны 9-р сарын 16-ны өдөр Бүгд Найрамдах Монгол Ард Улсын дотоод явдлын яамны түшмэлээр 1934 оны 9-р сарын 16 -ны өдөр нөхөр Марданы ажлын амжилт, зүтгэлийг үнэлэн сайшааж тус яамны «Хүндэт чекист» 171 номертой тэмдгээр шагнав. Дотоод явдлын яамны сайд хошууч генерал.... Чекист бол Монгол Ардын Хувьсгалт Хувьсгалт намын үнэнч хөвгүүн , эх орноо сахин хамгаалагч бөгөөд ямар цаг үед хэнээс ч илүү хол сонсох ба дайсныг бут ниргэхэд үргэлжийн бэлэн хүн байх хэрэгтэй. (Чойбалсан) 

93890213_532089277488472_3038037896985575424_n.jpg94102002_231141818207310_2183916640096223232_n.jpg

Маңғұлұлы Мәрденге берілген МХР Әскер министрлігінен берілген МХР-дың даярлықтағы сардардың куәлігі. №18929

Бүгд Найрамдах Монгол Ард Улсын цэргийн явдлын яам

Монгол Ард Улсын бэлтгэл цэрэг эрчүүдийн хадгалах батлах дэвтэр 

Энэхүү батлах дэвтрийг хадгалсан эрчүүдийн үүрэг нь: 

БНМАУ-ын олон түмэн ардын эрх чөлөөт байдалд халдан довтолж эвдэн устгахыг оролдогч гадаад , дотоодын элдэв эсэргүү дайснуудыг устгаж, эрх чөлөөт байдлаа үүрд мандуулах хэрэгт хэзээд биеэ бэлхэн барьж, засгийн газраас дуудахын өмнө ямар ч саадгүй ирж гүйцэтгэвээс зохино... гэх мэт үүргийг нь бичжээ...

93972394_367110214207204_7652955556180656128_n.jpg94274954_744649992737087_7409263913579053056_n.jpg

Маңғұлұлы Мәрденге «Жапонияны жеңгені үшін» берілген медаль
нөмірі №36407
МХР Мемлекеттік Кіші Хуралы Басқармаларының қаулысы
1945 жылы қарашаның 29-ы

Бүгд Найрамдах Монгол Ард Улс 

Японыг Ялсны Төлөө Медаль 

Японыг ялсны төлөө №36407

Японы империалистын эсрэг байлдаанд оролцсон үнэмлэх Монголын Мардаан 

Бүгд Найрамдах Монгол Ард Улсын Бага Хурлын Тэргүүлэгчдийн 1945 оны 11 дүгээр сарын 29-ний өдрийн тогтоол ёсоор японыг  «ялсны төлөө медалаар» шагнав.

Б.Н.М.А.У. Бага Хурлын Тэргүүлэгчдийн өмнөөс медалыг гардуулан өгөв. 1946 он 12 дугаар сарын 31 ний өдөр.

Ховд Отрядын дарга хушууч 

(Медалыг өгсөн хүний албан тушаал ба нэр) тамга

93994278_661940314538046_4390057343652462592_n.jpg94257726_178496913256770_7983779058582290432_n.jpg

Маңғұлұлы Мәрденге берілген Жеңістің 25 жылдық медалі
(1921-1946 жыл)
нөмірі №15826
МХР Мемлекеттік Кіші Хуралы Басқармаларының қаулысы
1946 жылы тамыздың 07 күнгі №63 –ші қаулысы

Бүгд Найрамдах Монгол Ард Улс 

25 жилийн Ойн Медаль 1946 он

1921-1946 оны Б.Н.М.А.У. 25 жилийн ойн медаль №15826

ҮНЭМЛЭХ

Тусгаар тогтносон Монгол Улсыг байгуулах ба бэхжүүлэх хэрэгт баатарлагаар хөдөлмөрөлсөн учраа Манголын Мардаан Б.Н.М.А.У.ын Бага Хурлын тэргүүлэгчдийн 1946 оны 8дугаар сарын 07-ний өдрийн 63 дүгээр хурлын тогтоолоор Б.Н.М.А.У.ын 25 жилийн ойн хүндэт медиалар шагнав.

Энэ медалийг Б.Н.М.А.У-ын Бага Хурлын Тэргүүлэгчдийн өмнөөс 1946 оны 8 дугаар сарын –ны өдөр гардуулан өгсөн

Дотоод Яамны сайд хушууч генерал 

(Медалыг өгсөн хүний албан тушаал ба нэр ) тамга

Маңғұлұлы Мәрден 1951 жылы сәуірдің 29 күні Бұлғын сұмынынан 90 шақырым төменгі Тошантыда 40 жасқа шығар шағында қайтыс болған, бейіті Тошанты сайында.

Исаұлы Қамқаш (1885 – 1965.01.25)

 

Шыңжаң Алтай өлкесі Көктоғайда дүниеге келген. Руы – Молқы Машан, Айтуған – Қожакелді. Нағашы жағынан атақты Базарқұл Ыбырай батырдың жиені. Қамқаштың азан шақырып қойған аты Қамбар Жақып. Бүркеншік аты – Тауық. Шығыс Түркістан Ұлт-азаттық қозғалысының бас қолбасшысы Оспан батыр Ісләмұлымен және маршал Хорлоогийн Чойбалсандармен «Алатөбе», «Шатыртас» ресми кездесулерін (1944 жылдың 5-6 наурызы) ұйымдастырған. Қамқаштың бейіті – Дэлүүн сұмынындағы өз мекені «Қамқаштың Қаратөбесінде».

...Қамқаш Исаұлы Алтай өлкесі Өндөрқара деген жерде 1885 жылы дүниеге келген. Әкесінің аты Мәнібайұлы Иса. Иса төрт әйел алған. Бәйбішесі: базарқұл руынан Ыбырай батырдың қызы (Қамқаштың шешесі). Екінші әйелі Әмина. Үшінші әйелі ителі Байбатырдың қызы Жәміш – Жас апаң. Мәнібайұлы Иса 1914 жылы дүниеден өткен. Бейіті Улаагчин – Хойчулуун деген жерде. Қамқаштың бәйбішесі – Байболсынқызы Сапақ. Кіші әйелі Ботағара руынан Тілеубердіқызы Жымай. Бәйбіше Сапақтан; Тоға (1926.07.08), Ұпан (1929.03.05), Шобай (1932.04.03), Әш – Нұршәрипа (1934.03.06), Бүкіш – Нұриқа (1935.04.03), Маса, Қапуран (1940.08.28), Бұратай. Тілеубердіқызы Жымайдан; Жылқыбай, Әнуар (1950.08.16), Күлиман (1954.11.07), Лиман (1957.01.10), Тәту (1960.07.05). Қамқаш өзі 1965 жылы 1 айдың 25 күні таңғы сағат он жарымда Дэлүүндегі өз үйінде немере інісі Құдабай Көкбасұлының қасында отырып, 80 жасында көкірек ауруынан дүниеден өтті. Қарақас  Мірсейітұлы Майтақ молда жаназа шығарды. И.Қамқаштың зираты Дэлүүннен Бүркітке қарайғы 36 шақырым жердегі Қаратөбенің үстіртінде.


Бізден ұсыныс

Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысның басқолбасшысы Оспан батыр Ісләмұлы 1951 жылы 4-ші айдың 29-ы күні Үрімжіде атылды. Сол күні түнде Моңғолияның Баян-Өлгий аймағының Бұлғын сұмыны Тошонт жерінде мекендеп отырған Мәрден (Мардан) Маңғұлұлы 40 жасында қайтыс болады. Өмірінде бірде бір ауырмаған әскери шымыр жігіттің соңғы демі осылай біткен. Нұржамал Ақылбайқызының айтуынша түнде ет асып, жілік шағып майын бөліп жеп отырып сап-сау ұйықтаған Мәрден таңертең сезікті жағдайда көз жұмған. Не болғаны бүгінге дейін жұмбақ күйінде қалды. Келер 2021 жылы шекарышы, құметті чекист Мәрден Маңғұлының туғанына 110 жыл толады. Моңғолияның президенті Халтмаагийн Баттулганың атына халық атынан ресми хат жолдау арқылы (Монгол Улсын алдарт хилчин, хүндэт чекист түүхт хүмүүн домогт тагнуулчид генерал Бүтэмжийн Дүйнхоржав, ахмад Мангалын Мардаан, ахмад хилчин Исагийн Хамхааш нарт Монгол Улсын тусгаар тогтол, хил хамгаалах үйлсэд оруулсан давтагдашгүй гавъяат үйлс, нөр их хувь нэмрийг үнэлэн Монгол Улсын баатар цол нэхэн олгуулах санал оруулна) Моңғолдың құрметті шекарашылары Маңғұлұлы Мәрден, Исаұлы Қамқаштарға Моңғол Елінің қаһарман атағын бергізуге ұсыныс етеміз.


Маңғұлұлы Мәрденнің жұбайы Ақылбайқызы Нұржамалдың алтын зерлі, күмістеген, сом алтыннан тебінгісін әдіптеген ертұрманы: Өр Алтайдағы әйгілі Мұқашұлы Сүлеймен зергерге бір үйір жылқы, жүз қой, елу сауын сиыр, он түйенің құнымен жасатыпты деген аңыз қалған жәдігер. Ер-тұрман:  Мәрденқызы ТОНАЙДЫҢ қорғауында.


Дуглас Макернан (Douglas Mackiernan)
(1913.04.25-1950.04.29)

АҚШ – тың Әуе Күштерінің құпия қызметкері, барлаушы. Мексикада өмірге келген, Америкада оқып, өскен әскери айтулы тұлға, ерен барлаушы.

(Cryptographer. CIA Central Intelligence Agency)


Дүниежүзілік ІІ қандысоғыс жылдарында яғни 1944-1947 ж.ж Қытайда арнайы тапсырма орындаушы һәм әккі барлаушы. Макернан 1947 жылдан Үрімжідегі АҚШ консулінің басшылығында болған кезінде – Бейдаушан оқиғасы немесе Бәйтіктегі Оспан батыр Ісләмұлы басқарған ұлт-азатшылармен байланыс жасаумен бірге – Оспанның қасында бір айға жуық бірге жүрді деген дерек бар. Оспан батырға байланыс құралы және қисапсыз алтын-күміс қаражатынан да несібе қалдырған. Қысқасы Шығыс Түркістан ұлт-азаттық күресі АҚШ тарапынан қолдау тапқаны тарихи ақиқат болып отыр.

Ол, 1949 жылы тамыздың 29 күні КСРО тараптарынан Қазақ жерінде сыналтылған атом сынағы, оның зардабы, барысы туралы аса маңызды ақпараттарды бақылап – ЦРУ-ға (Орталық Бақылау Басқармасы) жетізіп тұрған. 

Макернан Үрімжден (Дихуа) Тибет шекарасы арқылы Үндістан, Кашмирге қарай босқан қазақтармен бірге ежелгі Тұрфан ойпаты Такла - Макан шөлі арқылы сапар шеккен. Осы азапты жолында – Тибет шекара шебінде 1950 жылы сәуірдің 29 –ы күні 37 жасында оққа ұшқан.

АҚШ тарапы 1950 жылы Макернанның отбасына арнайы жәрдемақы белгілеп, жайлы пәтер сыйлаған.

Дуглас Макернанның барлау қызметіне қатысты ақпараттар АҚШ-тың ОБА тарапынан 2002 жылы жұртқа жария етілген.

Макернан өлгеннен тура бір жылдан кейін Шығыс Түркістан ұлт-азаттық күресінің Басқолбасшысы Оспан батыр 1951 жылы сәуірдің 29-ы күні Үрімжіде атылды.

СҰРАҒАН РАХМЕТҰЛЫ, жазушы, тарих ғылымдарының кандитаты

author

Сұраған Рахметұлы

АҚЫН

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...