Қазақтың қасиетін тану - Абайды танудан басталмақ. Халқымыздың сөз өнерін зерделеу - Абай тағылымын...
Саясат және саясаткерлер туралы афоризмдер
7504
Саясат - нақты ғылым емес. Отто фон Бисмарк Саясат- соғысты басқа тәсілмен жалғастыру. Во Нгуен Зиап Саясат - кім алады, не алады, қашан алады және қалай аладыны білдіреді. Гаролд Ласуэл Саясат - қоғамдық істерді жеке адамның мүддесіне қарай басқару тәсілі. Амброз Бирс Саясат - адамдарды алдау арқылы басқару өнері. Исаак Дизраэли Саясатта маңызды емес нәрсе жоқ. Бенджамин Дизраэли Саясат - жоқты бар ету өнері. Отто фон Бисмарк Саясат - толыққанды ақпарат және уақыт жетпеген жағдайда маңызды шешім қабылдай білу өнері. Клемент Эттели Билік көп болған сайын оны асыра пайдалану қаупі де көбейе түседі. Эдмунд Берк Егер асыра пайдалану болмаса билік өзінің маңыздылығын жоғалтады Поль Валери Басқару билік етуді емес, міндетті орындауды білдіреді Посидоний Барлық билік халықтан шығады. Бірақ оған ешқашан қайтып оралмайды Габриэль Лауб Кез келген билік керемет, ал шексз билік – шексіз керемет. Кеннет Тайнан Биліктің мақсаты - билік Джордж Оруэлл Биліктен айырылғаннан күшті қайғы жоқ Шарль Морис де Талейрон Билеушіні бірінші орындықтан екінші орындыққа, ал одан кейін екінші орындықтан ең соңғы орындыққа ауыстыру оңай шаруа емес Юлий Цезарь Саясаткерлік деген – алдампаздық. Солон Саясат пен моральдың бүкіл айырмасы мынау ғана: біріншісі үкіметтер қызметін, екіншісі жеке кісілер мінез-құлқын бағыттап отырады. И. Бентам Менің сыртқы саясаттағы басты қағидам – ел ішін жақсы басқару. У. Гладстон Саясатты өзінің кәсібіне айналдырудың екі тәсілі бар: не «саясат үшін» өмір сүру керек, не «саясаттау есебінен» және «саясатпен» өмір сүру керек. М.Вебер Саясаттың басты құралы – зорлық М.Вебер Саяси ниет – мақсат, ал соғыс тек құрал, сондықтан құралды ешқашан мақсаттан бөліп алуға болмайды. К. Клаузевиц Соғыс тіпті де дербес бірдеңе емес, ол саяси қатынастардың бір бөлігі ғана. К. Клаузевиц Саясатта істеуге болмайтын көп нәрселерді де істеуге тура келеді. Теодор Рузвельт Қожайын болу үшін саясаткер өзін қызметші етіп көрсетеді. Шарль де Голль Саясатта кейде өз отаныңа немесе сайлаушыларыңа опасыздық жасауға тура келеді. Мен оның екіншісін қалаймын. Шарль де Голль Саясаткер қандай да бір жағдайда болмасын «ешқашанда» деп айтпауы керек. Линдон Джонсон Саясаткерлердің қайсыбір 90 пайызы басқалардың беделіне нұқсан келтіреді. Г. Киссинджер Біз сыртқы саясатты сыртқы қолдың күшімен жүргіземіз. Джордж Буш (кіші) Саясаттың осындай қымбат іс болғаны соншалықты, тіпті сайлауда жеңіліп қалудың өзі де аз ақшаға түспейді. Боб Эдуардз Мен саясатпен шұғылданбаймын. Ал сіз бұл сөздің «Мен өмір сүрумен шұғылданбаймын» деп айтумен бірдей екендігін білесіз бе? Жюль Ренар Егер сіз саясатқа араласпасаңыз, саясат сізбен араласады. Шарль Монталамбер Саясаткер: тек өз картасымен ғана ойнағысы келетін ойыншы. Владислав Гжещик Саясаткер келесі сайлауды, мемлекеттік қайраткер болашақ ұрпақты ойлайды. Джеймс Фриман Кларк Бала қолын көрсеткенде, оған қолын жуу керек екендігін айтады. Саясаткер қолын көрсетпейді. Стефан Гарчиньский Саясаткерлердің ақылды болуы керек уақытынан он жылдан кейін ақылды болатындығы таңқаларлық нәрсе. Дэвид Ллойд Джордж Тарих – бұдан әрі түзетуге болмайтын саясат. Саясат - әлі де болса түзетуге келетін тарих. Зигмунд Графф Саясаткер – толқынды өзі көтеріп, бізді кемені ол ғана сақтап қала алатынына сендіре алатын адам. Айверн Болл Саясатта сіздің қалай ойнайтыныңыз маңызды емес, есепті кімнің жүргізетіні едәуір маңызды. Авторы белгісіз Қателесу адамға тән қасиет, ал қателігін басқаға аудару саясаткерлерге тән қасиет. Авторы белгісіз Дайындаған: Бекмырза Сырымбетұлы