Бейнероликтердің мазмұнына мұқият қарау керек - Аида Балаева

Жаңалықтар
1799

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook парақшасында жазды.

«Қазақстан - зайырлы мемлекет, сондықтан Конституция барлық азаматтарға бірдей құқық, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге кепілдік береді. Оның ішінде біз әлеуметтік желілердегі біреудің ар-намысына тиетін түрлі жазбалар туралы айтып отырмыз. Бұл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жасалған бейнебаянға да қатысты. Жергілікті идеологтар мемлекетіміздің басты басымдықтарын ұмытпай, бейнероликтердің мазмұнына мұқият қарау керек деп санаймын», - деп жазды Аида Балаева.

Сондай-ақ министр мемлекеттік тапсырыспен түсірілген өнімдерді жарияламас бұрын іріктеп алу керек екенін айтты.

«Әкімдіктер жанынан арнайы жұмыс топтары құрылып, олар мемлекеттік тапсырыспен жасалатын өнімдерді бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланбас бұрын егжей-тегжейлі талдап, іріктеп алғаны дұрыс», - деп жазды министр.

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...

Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында зорлау туралы көрінеу жалған хабарлау оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ma...