Астанада драматург Жолтай Жұмат-Әлмашұлының «Сталинмен бетпе-бет» атты тарихи драмасы сахналанады

ӘДЕБИЕТ
1541

 28-мамыр күні сағат 19-00-де Астана қаласындағы  Оқушылар сарайында белгілі жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Жұмат-Әлмашұлының  «Сталинмен бетпе-бет»  атты тарихи драмасы сахналанады. Бұл сахналық қойылымда өткен ғасырдың 30 -жылдарындағы тарихи оқиға сөз болады. КСРО-ның бас хатшысы И. Сталин мен Қазақ өлкелік партия  комитетінің екінші хатшысы С. Қожанов арасындағы  байланыс, бетпе-бет кездесу сәтіндегі сөз текетіресі арқылы замана шындығы мен тайғанақ қазақ кезеңінің ащы ақиқаты алдарыңызға тартылады. Драмадағы тартыстың негізгі желісі - өз уақытының екіжүзді адамы Заманин арқылы кестеленіп көрсетіледі. Келіңіздер, көріңіздер!


madeniportal.kz

author

Жолтай Жұмат-Әлмашұлы

ЖАЗУШЫ