Атырауда ұрылар пәтерлерді белгілеп таңба қойып жүр

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1375

Атырауда Береке шағын ауданының тұрғындары көпқабатты үйдің есік маңынан белгісіз таңбалар мен сызаттар байқаған деп хабарлайды MadeniPortal.kz Оzgeris.info сайтына сілтеп.

№36 үйдің тұрғындарының бірі күдікті белгілерді байқап, бейнебақылау камераларын тексерген. Бейнежазбадан белгісіз ер адамның подъезд маңында із қалдырып жүргені анық көрінеді. 

Тұрғындардың айтуынша, мұндай таңбалар мен сызықтар ұрылар қолданатын шартты белгілер болуы мүмкін олар үй иелерінің қашан болмайтынын немесе қай пәтерге кіру оңай екенін анықтау үшін пайдаланылады.

«Біз есік маңындағы бейтаныс белгілерді көріп, камераны тексердік. Онда ер адамның подъезге келіп, есік жанында бірдеңе істеп тұрғаны көрінеді. Біз бірден учаскелік полицейге хабар бердік», — деді үй тұрғындарының бірі.

Қазір тұрғындардың арызы полицияға жолданды. Құқық қорғау органдары жағдайға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Жаңа оқу жылына бөлінген гранттар мен квоталар туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі...

СПОРТ

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Әлем чемпионатының құқықтарын сатуға қатысты даудан кейін ұй...