Қазақстан арқылы Таиландқа жыныстық құлдыққа қыздарды сатқан әйел ұсталды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
569

Түркия мен Өзбекстанның ішкі істер органдарының қызметкерлері «Соня» деген атпен танымал өзбекстандық азаматшаны ұстады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Liter.kz жазды.

Қылмыскер адам саудасына байланысты қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген. Ұсталғаннан кейін ол Өзбекстанға экстрадицияланғаны атап өтіледі.

Белгілі болғандай, бұл азаматша Бангкок қаласында жезөкшелікпен айналысатын орынды ұйымдастырғаны үшін айыпталып отыр. Ол қылмыстық топ құрамында болып, өз отандастарын жоғары жалақы төленетін жұмыс уәде етіп алдап, сол жаққа тартқан. Әйел қыздарды алдап, оларды жыныстық құлдыққа итермелеген.

Ол қыздарды Қазақстан арқылы Таиландқа алып өткен. Өзінің қылмыстық әрекеттерін 2013 жылдан 2015 жылға дейін жүзеге асырған.

Ведомство оның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды ішкі істер органдарына немесе Стамбул қаласындағы Өзбекстан Республикасының Бас консулдығына жүгінуге шақырды.