Бұл бәріміз үшін қуанышты жағдай, әсіресе шығармашылық адамдарының еңбегіне лайық арна болады деп ой...
Үкімет Абай Құнанбайұлының туған күнін ресми мереке етіп бекітпек
1858
Үкімет Абай Құнанбайұлының туған күні – 10 тамызды “Абай күні” деп аталатын ресми мерекелер санатына енгізбек. Премьер-министр А.Маминнің қаулысы қоғамдық талқылауға шығарылды.
Үкімет Қазақстанның мерекелер туралы заңына сүйене отырып, «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтырлар енгізіп, 10 тамызды “Абай күні” деп белгілеген. Қаулы 13 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.
Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. Ұлы ақынның мерейтойына байланысты үкімет комиссиясы құрылған еді. Оған мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаев жетекшілік өтеді.