Василий Шукшин(әңгіме)Түн баласында істейтіні осы!Селодағы абыр-сабыр басылып, жұрттың көзі ұйқыға б...
Абайдың қара сөздері украин тіліне аударылды
Украинадағы Қазақстанның Елшілігі Абайдың қара сөздерінің украин тіліндегі аудармасын жарыққа шығарды.
Кітаптың таныстырылымы 2020 жылдың 15 шілдесінде Канев қаласындағы Украинның ұлы ақыны әрі суретшісі Тарас Шевченко атындағы музейде өтті. «Украинадағы Қазақстанның Елшісі Дархан Кәлетаев шараға қатысушыларға Абайдың өлмес мұрасы мен шығармашылығы туралы айтып берді. Аударма авторы – филология ғылымдарының докторы, профессор Николай Васьков Абай шығармасы турасында өз әсерімен бөлісті. Ол Абайдың ұлылығы шығармасында ғана емес, өмір сүру салтында, патриотизмінде, ұлт алдындағы жауапкершілігінде екенін атап өтті», - деп хабарлайды Украинадағы Қазақстанның Елшілігінен.
Т.Шевченко атындағы музей директоры Игорь Лиховой Абай мен Кобзарьдың ұқсастығы туралы ой өрбітті. Екі елдің ұлы ойшылдары оның ойынша, адамдарды өзін-өзі дамытуға, әділеттік пен мейірімділікке шақыра отырып, ұлттық санада төңкеріс жасаған.
Украинадағы қазақ диаспорасының өкілдері Абай туралы білімдерімен бөлісіп қана қоймай, ойшылдың сөздері мен өлеңдерін қазақша оқып берді. Шараға сонымен бірге Украинаның жергілікті интелегенциясының, академиялық ортасының, сарапшылар бірлестігінің, сондай-ақ мемлекеттік басқару органының өкілдері қатысты. Елшілік музей мен облыстық мемлекеттік әкімшілікке кітаптың бірнеше данасын тапсырды.