«Тәуелсіздік:Сөз бен Сурет» жобасы аясында «Мәдениет порталы» ...
Суретші Бақыт Сейсенханұлы жазған 7 картина
7446
Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін суретші Әділғали Баяндин, Төлеген Сүлейменов, Серік Тайнов, Бақытнұр Бүрдесбеков жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші - Бақыт Сейсенханұлы! Мархабат!
1Бақыт Сейсенханұлы 1987 жылы 20 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 2003-2007 жылдары О. Таңсықбаев атындағы АСҚӨК - де Игілік Құлбаевта оқыған. 2007-2012 жылдары Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА - да станоктық кескіндеме бөлімінде Өмірбек Жұбаниязов пен Жұмақын Қайрамбаевтан білім алды. 2012 жылдан бері ҚР Суретшілер одағының мүшесі. 2012-2014 жылдар аралығында Ә.Қастеев атындағы БӨТКМ - де жұмыс істеді. 2015-19 жылдары О. Таңсықбаев атындағы АСҚӨК - де мұғалім болып қызмет еткен. Республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы. Алматы қаласында тұрады, жұмыс істейді. 2019 «Іздер-3» көрмесі. Almaty gallery. Алматы қаласы. 2019 «Іздер-3» көрмесі. Тәуелсіздік сарайы. Астана қаласы. 2019 Қазақстанның Өзбекстандағы жылына арналған «Қазақстанның бейнелеу өнері» көрмесі. Ташкент қаласы. 2019 «Әулиепта бояулары» республикалық пленэрі. Тараз қаласы. 2019 «Қазақстан акварелі» республикалық көрмесі. Алматы қаласы. 2018 Суретшілер одағының 85 жылдығына арналған республикалық көрме. Алматы қаласы. 2018 «Энергия. Жастық шақ. Өнер» халықаралық конкурсы. Алматы қаласы. 2018 «FOYA» жас суретшілер көрмесі. Алматы қаласы. 2018 «ЦДХ 2018 Снова вместе» халықаралық көрмесі. Мәскеу қаласы. 2016 «Менің қалама 1000 жыл» пленэр-конкурсы. 2-орын. Алматы қаласы. 2016 «Made in Astana» пленэр-конкурсы. 3-орын. Астана қаласы. 2015 Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Абайдың 170 жылдығына арналған I халықаралық пленэр. Өскемен қаласы. 2015 «Каспий көкжиегі» республикалық пленэр-конкурсы. 2-орын. Ақтау қаласы.
Үміт (Надежда)2017 к., м.б. 100х100
2
«Жібек жел» (Шелковый ветер) 2014 50х70 х.м
3
«Ерте түскен қыс» (Ранний снег) 2014 80х100 х.м.
4
Ұя (Гнездо) 2017 к., м.б. 100х100
5
"Аңыз" 2019, 150×170, к., м.б
6
"Энтропия" 2019, 102×138, еенеп, акрил.
7