Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кез...
Суретші Гүлнар Сүйінбаева жазған 7 картина
2600
Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін суретші бір топ суретші жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші - Гүлнар Сүйінбаева! Мархабат!
Сүйінбаева Гүлнар Ілесқызы 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Кентау қаласында дүниеге келген. 1979-1983 жылдары Кентау каласының көркем-сурет мектебін үздік бітірген. 1987-1992 жылдары Алматы қаласының Н.В.Гоголь атындағы көркем-сурет училищесінде оқыды. 1992 -1995 жылдары Алматы қаласы керамика заутында, эксперименталды цехында суретші-кескіндемеші болып жұмыс істеді. 1996 жылдан бастап суретші-кескіндемеші болып еркін шығармашылықпен айналысады. 2003 жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Жеке көрмелері: Бірінші шығармашылық көрме. Алматы қаласы орталық көрме залы. (2003ж) «Шығыс әуендері» атты Екінші шығармашылық көрме. Алматы қаласы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайы. (2007ж) Үшінші жеке көрмесі. Алматы қаласы Суретшілер одағының көрме залы. (2009ж) Төртінші жеке көрме «Тенгри Умай» галлереясы «Заглядывающий» атты көрме (2011ж) Бесінші жеке көрмесі. Астана қаласы Тәуелсіздік сарайы. (2011ж) «Киелі дала» атты алтыншы шығармашылық көрме. Алматы қаласы «Алмата-Арт» галереясы. (2013ж) 2011 жылғы «Мұсылман елдерінің креативті онерінің Бүкіләлемдік форумының» қатысушысы. Ұйымдастырушысы Малазия. 2008 жылы Қазақ ою-орегін жаңашаландыруға сіңірген еңбегі үшін ОЮ галлереясының дипломын алды. 2014 жылы «KAZENERGY» компаниясының Республикалық мұнай және газ тақырыбына арналған шығармалар көрме-сайысының жеңімпазы ретінде І жүлдесі және дипломы. Жұмыстары сақталуда: Рига қаласы «Халықаралық Балтика Академиясы» музейінде. Алматы қаласы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайында. Астана қаласының Қазақстан Мемлекеттіқ Ұлттық Мұражайында. Талдықорған қаласының Өнер галиреясында. Әлемнің 40 мемлекетінің жеке қорларында.
1
"Аңыз" кен.м.б.100-92 см. 2015 ж.
2
"Бесік жыры" кен.м.б. 100-120 см 2010 ж.
3
"Бет ашар" кен. м.б. 120-100 см. 2012 ж.
4
"Келін" кен.м.б. 120-100см. 2010 ж
5
"Еске алу" кен.м.б. 100-120см. 2010 ж.
6
"Екеу" кен.м.б.104-108см. 2006 ж
7
Гүлнар Сүйінбаеваның Ырымжанға арнауы. кен.м.б. 200-100см 2015 ж