Олжас Бектенов ұжымға ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрін таныстырды

primeminister.kz

Жаңалықтар
212

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған ведомствоның жаңа басшысы Жаслан Мәдиевті таныстырды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Олжас Бектенов жаңа министрге ведомство алдында тұрған маңызды міндеттерді белгіледі. ЦДИАӨМ-ге жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдану, ІТ-қызметтердің экспортын ұлғайту мақсатында табысты стартаптарды дайындау үшін қолайлы орта құру жұмысын жалғастыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтуді тапсырды.

Жаслан Мәдиев туралы ақпарат:

Туған жылы: 1983 жылы дүниеге келген.

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін,

Нью-Йоркте Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебін,

Массачусетс технологиялық институтын,

Слоун бизнес мектебін тәмамдаған.

«Альянс Банк» АҚ, ҚР Ұлттық банкінде,

«Қазақстанның даму банкі» АҚ-да,

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ,

«Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ түрлі лауазымдарды атқарған.

Әр жылдары «Ұлттық инвестициялық корпорация» АҚ-да,

ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

2017 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қаржы жөніндегі вице-президенті қызметін атқарған.

2019 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.

2022 жылдың 13 қаңтарында Мемлекет басшысының өкімімен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...