Еркін Жантас: «Өліктер» жазған туынды

ӘДЕБИЕТ
5747

(Жазушы Берікбол Батанның "...Өліктердің уысында ериді" романына қатысты сөз)

«Лучший друг тот, кого нет на свете»
 Г.Г.Маркес."Сто лет одиночества".

Жас жазушы жалпы-әдебиеттік анализді білу керек

Уақыт тәжірибесі мен ой иелігінен өткен сөздер есте көбірек сақталады. Меніңше әдебиет адам назарын өзіне осылай қаратып отыр. Және осылай қаратып келген. Бір жақсы ой болса - ол әдебиет. Бір жақсы шығарма - жақсы ойдың толық концепциясы. Алдыңғы буын артқы буынға әсер етпей қоймайды. Біздегі "басқа арнаға" бағыт алды деп жүрген жастар шығармашылығы сайып келгенде кешегі әдебиеттің бергі шарты.

Андрей Тарковский; "Тынық Дон" орыс әдебиетінің соңғы бес ғасырдағы жинаған тәжірибесі" депті бір сөзінде. Жалпылама пафосты пікір болғанымен, сол деңгейдегі Ресей әдебиетіне лайық сөз. Бұл нені білдіреді? Алып әдебиет өзін қорытындылауды, өз-өзіне есеп беруді біледі екен. Және онысын Нобельдің төріне де шығарады екен. Ұққанға жақсы идея. Ал даралықты жоғалпау принціпімен жеке "қайғыруға" ден қою - әдебиеті әзер тұрған ұлт үшін қатерлі тәуекел. Америкада елуінші жылдардың басында орыстармен бақталастық қатты белең алды да, бұл енді элиталы қоғамға да әсер ете бастады. Әдебиетке Джек Керуак бастаған "хиппи", "битпейкер" өкілдері келіп, кейінгі тұтас буынның "былғануына" оң әсерін тигізіп кетті. Еске алар болсақ, олардың интерпретациясы Кеңес үкіметінің соғыс жағдайындағы басқа елдерге деген өктемдігін сынаудан басталған болатын. Кейін Американың өзін жоққа шығарып, соңында өздерін жоққа шығарып, дүниеден баз кешіп кетеді. Есесіне "Эльдждернонға арналған гүлдер"(Д.Киз), "Көкек ұясынан ұша"(К.Кизи), " 450 градус Фарангейт бойымен" (Р.Брэдбери)кітаптары бүгінгі оқырмандардың таласында жүр. Олар өздеріне әсер еткен "Жоғалған ұрпақ өкілдерін" сәтті қорытындылады, таныды. Бір сұхбатында Дж.Керуак өзін Хэмингуейсіз жазушы ретінде елестете алмайтынын айтқан болатын. Мәселе өзектілігі - жалпы-әдебиеттік қорытындылау, қорыту. Жазушылық болмысқа сіңіру. Өзіне дейінгі әдебиеттің даму эволюциясын тануда. "Жалпы-әдебиеттік анализ ескі жаңалықты мұраға айналдыруға, жаңасын қалыптастыруға зор ықпал етеді" (В.Познер).

Біздегі әдебиетте "Жыраулар поэзиясы" өз ықпалын қатты көрсетті. Ол тіпті Мағжанның, Сәкеннің, Міржақыптың жырларында ерекше ықылас танытты. Мұхтар Әуезовтың шығармашылығында сыни ауқымын ашып, "нар заман, зар заман ақындары" деген атпен өз ықпалын әлі талай ұрпаққа көрсетерін аңғартып қойды.


Ол проза тіліне стилдік айшық бердік, тарихи шығармалар диалогтерінде еркін қолданылды. Ол қазақ философиясына жасады, эстетикасын қалыптастырды. М.Мағауин "Арпалысында" Сегіз серінің сөздері еш өзгеріссіз кірген жерлері де бар екенін байқаймыз. Және Мұхиттың әнінде де ол менмұндалап тұр. Мұның бәрі жаңа шығармалардың прогрессшіл кейіпке түрен салудағы оң белгісі. "Көшпенділер", "Абай жолы", "Қан мен тер" - қазақ көсемсөзінің шыңы, сәтті анализі. Бұдан бөлек қазақ әдебиетінің жалпы-әдебиеттік қорытындылауын танытқан дүйім туындылар әлі күнге дейін өз оқырманын жоғалпай келеді. Бірақ бұлардың орынын басатын туындылар әлі жазылған жоқ. Енді жазылмаса...

Берікбол соңғы он жылда қазақ әдебиетіндегі жалпы-әдеби анализді өзінің "Өліктерді уысында ериді " романымен жасап берді. Бұл біздің көптен күткен туындымыз. Заманауи көзқарасы бар, батыс таныған оқырмандар үшін бұл дәстүршіл қазақ әдебиетінінің күтпеген бұрылысы. Және "жазам" деп жүрген көп замандасқа роман жазу керектігі жайлы тың идея. Орыс әдебиеті франзуздарды басып озғанда романистер көбейіп еді. Бүгінде әлем әдебиеті энциклопедиясы Толстойсыз, Достоевскийсіз, Гоголсыз, Бунинсыз өз жинақтарын толтыра алмайды. Романның көтерер жүгін, жауапкершілігін, кульминациясын былай қойғанда оқырман тарту тәсілі басқа жанрлармен салыстырғанда әлдеқайда ұтымды. Берікболдың жаңа романы өз оқырмандарын да өзімен бірге ала келді. Көпсөзділікке, одан қалса фальшка ұрына беретін біздің экспременталды жазу мәнеріміз "Өліктер" келген соң өз күшін жойды. Нағыз туынды - хальтураны ығыстыру үшін. Нағыз ой да сондай...

Магиялық реализм жайлы

Жанрға келер болсақ, магиялық реализм бұл Маркестің көлі. Кейінгі Дж.Толкин, Дж.Мартин, Дж.Роулинг, С.Кинг сияқты бүгінде азуын айға білеген атақты жазушылардың өзені. Қиялдың түпсіз, және бәрі қиялдан пайда болып, материяға айналатыны туралы айтатын әдеби құбылыс. Қазақ әдебиетінде өткен ғасырдың 60-ыншы жылдарынан бастап ерекше көзге түсе бастады (О.Бөкейдің "Қар қызы" ,Т.Әбдіктің "Оң қол", "Парасат майданы" т.б.). Әйтсе де релеванттылғын әлі танытып үлгерген жоқ. Кейбір элементтері кездессе де толықтай өз туындысын осы үрдіске салған жазушы бізде кемде кем. Әркім бара бермейтін күрделі латын америка рухы бүгінде әлем оқырмандар сұранысына қатты ие. Тіпті кино-саласында да магиялық реализмнің ықпалына зор құрметпен қарайды. Маркестанушылар бұл жанрдың сонау Дантеден басталғанын айтады. О.Мендельштам "Данте жайлы әңгімесінде": "Данте ешқашан материямен күреске түспейді. Оның позиясы шулы магияны жасайтын, скульп" деп жазады. Оның оқырманды қызықтырып, баурап алатыны сонша Льоса "оқырманды да, жазушыны да өз тұтқынында ұстайтын анаша" деп бағалапты. Әлі күнге дейін бұл жанрдың авторлары көп сұраныста, әрі танымал. Себебі бұл әр адамның өзі, қиялындағы шынайы келбеті. Модернистік көзқараспен қалыптасқан ойдың шырқау шегі. Қанша адам бар, сонша магиялық реализм бар.

"Өліктер" не дейді?

Адам өзі тап болмаған жайды түсіне бермейді. Бірақ оны қиялында жасай алады. Өзі қалағандай етіп. Себебін табады, салдарын көрсетеді. Романдағы "Өліктер " ұғымы басқа декорацияда болып жатқандығымен әсерлі. Біз онымен келісе алмауымыз мүмкін, бірақ біз оны жоққа шығара алмаймыз. Ол біздің қиялымызға, сана нұсқауымызға бағынбайды. Ол өз шындығымен ғана бізді алға сүйрей береді. Сен оны оқып отырғанда бәрібір күмәнмен отырасың, тіпті соңына дейін солай отыруың мүмкін. Ал, бәрі аяқталған соң ол сені өз поездінен "бейшара тірлігіңе" лақтырып жібереді. Сен одан кейін өзіңді бейшара сезініп өтесің. Көзбен көріп, қолмен ұстап жүрген дүниеңнің әлдеқайда шындыққа жанаспайтынын түсінесің. Сенің өлгің келеді. Сен ана әлемді аңсайсың. Сен өз тозағыңды, өз жұмағыңды елестетесің (бәлкім өз Құдайыңды да).

Романдағы бейбақ кейіпкерлер де біз сияқты адамдар, сезімнің құрбаны. Тек олардың жағдайы біз түскен тұзақтардан да қауіпті. Олар өмір сүріп жүрміз деп ойлай тұра, өліп қалған болуы мүмкін . Немесе керісінше. Бірақ Құдайдың бұлармен жасаған ойыны бұл әлемнен тыс екені анық. Жалғыз аралда. Он адаммен.

Мүмкін бәріміз де өмір сүріп жүрміз деп ойлайтын өлік шығармыз. Өліктерміз... Және біздің бұл дүниеге де, о дүниеге де, (бәлкім өтіп кеткен дүниеге де) айтар өкпеміз көп шығар . Бұл азап бітпейтін шығар. Тек қиял ғана жаңарып отырады. Әлем біздің уысымыза (қиялымызда) ериді, және қайта пайда болады... Солай жалғаса береді...Бұл азап бітпейді...

Мен ұнатқан кейіпкер

Шығармада Кетрин деген кейіпкер бар. Жасы 25-26 шамасында. Арманы өте көп, әрі асқақ. Ол өмір бойы сол арманында күн кешкен сияқты. Оның ойы жақсылық пен жамандықтан бейтарап. Ол ешкімнің жағына шыққысы келмейді. Ол бақытты болғысы келеді. Сол арманын орындау жолында кіммен болсын сөз байласуға әзір. Тек әсері мәңгілік болса дейді. Бұл тұрғыдан әрине махаббаттан асқан сезім бар ма. Бірақ махаббаттың өзі бір-ақ нәрседен тұруы мүмкін. Және одан айырылсаң бәріне деген махаббатыңды жоғалтасың. Бір гүлді ғана жақсы көріп, сол арқылы бәрін сүйген аяулы Кетрин гүлінен айырылған соң, өзі де гүлдей солады. Тірліктен, ойын-сауықтан, астан, әлемнің бар сұлулығынан бас тартады. Ол үшін әлем қараңғы. Сол қайғысын көтере алмай, ақыры азапты күйде дүниеде озады. Жалғыз гүл үшін. Сондағы тоғыз адамның тоғызы да мән бермеген сары гүл сұлу Кетринді өзіне ынтықтырды. Өзімен бірге ала кетті. Сұлулыққа ұмсыну, және сол үшін бәріне дайын болу Кетриннің арманы екен. Ол арманына жетті...

Анна Каренина, Бовари ханым немесе Тереза Ракен сияқты әйел образының озық үлгісін көргіңіз келсе кітапқа бас қойыңыз. Кетриннің солып бара жатқан келбеті поездың астына жүгірген Аннаның соңғы сәтімен қатты рухани үндес.
Гүлді сонша жақсы көруге бола ма дерсіз?! Оны романнан біліңіз...

Қалай айтсақ та, Берікболдың тың туындысы қазір оқуға, әрі қарай оқуға ұласатын дүние. Ондағы кейіпкер әр адамның көлеңкесі. Өмірде жоқ досы. Сіз бен біз. Тағдыр дейтін бітпейтін тірліктің баяу ағысы. Балконнан қарап тұрғандағы жүйткіген көліктер. Барға сүйрейтін мас ойларың. Айна бетінен өзіңе тура қарап тұрған адам.

"Мені танисың ба?" дейтін...

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...