Ұлттық әдебиет пен ақындық өнерді қолдау және насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдени...
Әдебиет бойынша Нобель лауреаты анықталды
2154
АҚШ ақыны Луиза Глюк 2020 жылғы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері атанды. Бұл туралы Нобель комитеті хабарлады.
Америкалық ақын Луиза Глюк 1943 жылы Нью-Йоркте дүниеге келген. Массачусетс штатындағы Кембридж қаласында тұрады. Коннектикут штатындағы Нью-Хейвен, Йель университетінің профессоры. Ол 1968 жылы тырнақалды өлеңдер жинағын шығарып, көп ұзамай америкалық заманауи әдебиеттегі ең көрнекті ақындардың бірі ретінде танымал болды.Ақын бірнеше беделді марапаттарға ие, олардың арасында Пулитцер сыйлығы (1993) және Ұлттық кітап сыйлығы (2014) бар.
Глюк Массачусетс, Йель, Бостон, Айова университеттеріндегі Уильямс колледжінде ағылшын тілінен сабақ берген.