Қазақстандықтарға Мемлекеттік Туды балконға ілуге рұқсат берілді

Жаңалықтар
1426

ҚР Премьер-Министрі Мемлекеттік туды үйлердің қасбетіне, балкондарға ілуге рұқсат беретін қаулыға қол қойды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына өзгерістер енгізу туралы« №801 қаулының 4-тармағының бірінші бөлігінде былай деп жазылған: 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үй тұрғын үй емес үй-жайларда), оның ішінде балкондар мен салтанатты шаралар өтетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлікті білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана (орнату орналастыру) алады».

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік туды кеңінен қолдану туралы ұсынысты қолдайтынын айтқан болатын. 

Парламенттің бірқатар депутаты мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын. Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тыйым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет, - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін қазақстандықтар "Мен туымды мақтан етемін" флешмобын ұйымдастырған болатын. Ол атышулы "Борат-2" фильмінің шығуына байланысты қолға алынды. Фильмге Қазақстан туын пайдаланып, жарнама жасалуы халық наразылығын тудырды.

Британдық комик Саша Барон Коэн "Борат" және "Борат-2" фильмінде неге Қазақстан атын пайдаланғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, бұл – комедия, фильмдегі Қазақстан мен нақты елдің арасында ешқандай байланыс жоқ. Қазақстанды АҚШ-та ешкім білмейтін болған соң таңдаған. Коэн нағыз Қазақстан – заманауи, абыройлы қоғамы бар, Бораттың нұсқасына қарама-қайшы тамаша ел екенін айтып ақталды.

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...